• 23 ноября, 2024 5:03 пп

«Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналастырамын»: Шымкенттіктер алаяқтардың құрбаны болды

Автор:admin

Окт 4, 2022

Шымкенттің екі тұрғыны виза алуға және жұмысқа орналасуға көмектесемін деген алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Jsk.Kz ақпарат агенттігі.

Бір уақытта қаланың екі тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінген. 40 жастағы ер адам бейтаныс әйелге сеніп, 997 000 теңге бергенін айтты. Бұл ақшаға шетелдік компанияның делдалшысы Оңтүстік Кореяға виза беріп, жұмысқа тұруға көмектесемін деп уәде берген.

Шамамен дәл осындай мазмұндағы шағым 48 жастағы шымкенттіктен де келіп түскен. Ол  ақпан айында бір әйелге виза алуға және жұмысқа тұруға көмектесу үшін 1 миллион теңгеден сәл астам ақша бергенін айтты.

Шымкент полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ол Қызылорда облысының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 1-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Автор: admin