• 23 ноября, 2024 9:31 дп

ПАРАСАТТЫЛЫҚ – АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ІЗГІ ҚАСИЕТ

Автор:admin

Мар 4, 2021

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұжымымен кездесті.
Шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан хабардар ету, ұжым арасында парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобалар, бастамалардан, заңнамаға енгізілген өзгерістерден хабардар етті.
Ол қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты кешенді алдын алу жұмысына баса назар аударылғандығына тоқталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамаларды түсіндіру барысында жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке жауапкершілік нормаларын біле тұрып, алдын алу шараларын қолданбаған басшыларға қатысты жазаның қатаңдығын ескертті.
Сонымен қатар, қатысушыларға квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет өткен жылдың соңынан бастап заңнамалық деңгейде енгізілгендігі және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейтіндігі айтылды.
Ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков қоғамда парасаттылық, адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында Штабпен атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, парасаттылық адам бойындағы ізгі қасиет екендігін айтып, қызметті абыроймен, адал атқаруға шақырды.
«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстармен таныстырып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Жиын қорытындысымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры М.Жуасбай жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, ұжымға бүгінгі жиыннан қорытынды шығару қажеттігін жеткізді.

Автор: admin