• 24 ноября, 2024 7:18 пп

Пара беріп, қылмыстың қақ ортасына түспеңіз!

Автор:admin

Авг 20, 2024

Қазақстан Республикасының «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы Сыбайлас жемқорлыққа мынандай анықтама береді — бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы». БҰҰ құжаттарында қолданылатын сыбайлас жемқорлықтың халықаралық-құқықтық анықтамасы мынандай: — жеке мақсаттар үшін, үшінші тұлғалар мен топтардың мақсаттары үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану. Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық-бұл қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің бірі пара беру болып табылады. Пара деген не? Бұл лауазымды адамның басқа адамнан ол атқаратын лауазымға байланысты қандай да бір қызмет көрсетілетін ақшаны немесе өзге де игіліктерді алуы. Бұл ретте аталған ақша мен игіліктерді парақор әрдайым жеке ала бермейді, көбінесе олар оған жақын адамдарға немесе жасанды ұйымдарға берілуі мүмкін. Пара болуы мүмкін: — Заттар-ақша, оның ішінде валюта, банк чектері мен бағалы қағаздар, бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомашиналар, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түлік, тұрмыстық техника мен аспаптар, Басқа да тауарлар, жер учаскелері және басқа да жылжымайтын мүлік. — Қызметтер мен пайдалар-емдеу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторийлік және туристік жолдамалар, шетелге шығатын сапарлар, ойын-сауық және басқа да шығыстарды өтеусіз немесе төмендетілген құнмен төлеу.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin