• 24 декабря, 2024 12:20 пп

Партия мен қоғамдық бірлестіктің азаматтық қоғамдағы орны

Автор:admin

Авг 25, 2023

Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының “Саяси партиялар туралы”, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” Заңдарынан, саяси партияларға арналған немесе саяси партиялар туралы нормативтік қағидалар енгізілген басқа да заң актілерінен тұрады. “Заң актілерін” кең мағынада түсінген жөн. Аталған санатқа Парламент, Президент қабылдаған заңдар, Президенттің заң күші бар жарлықтары сияқты, мемлекеттің жоғары органдарының заңға сәйкес актілері де жатады. Қазақстан Республикасының саяси партиялары туралы Заңы ааматтардың еркін бірігу жөніндегі конституциялық құқығын нақтылайды.Азаматтырадың заңға сәйкес саяси партияларға бірігу құқығы мынадай жағдайлардан тұрады. Қазақстан Республикасының азаматтары саяси партияларға еркін бірігу құқығы бар. Демек, азаматтар өз еркімен, қалауымен, өзінің саяс көзқарастары мен ұнатуларына қарай еркін, ешкімнің еш жақтан қысым көрсетуінсіз саяси партияларға кіре алады. Бірігуге мүмкіндік құқығы, сонымен бірге саяси партиялар қатарынан еркін шығу құқығын білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматы тек бір партияға ғана мүше бола алады. Бұл қағида азаматтың саяси құқығын шектеуді білдірмейді. Мәселе мынада, әр саяси партия өзінің қызметін белгілі бір идеялық саяси көзқарасқа сүйеніп жүргізеді, сол бір идеяға сүйенген екі бірдей партия құрылмайды. Кейде партиялардыңидеялық көзқарастары қарама-қарсы болуы да мүмкін. Сондай-ақ партиялардың міндеттері мен көзқарастары ерекшеленеді. Мұндай жағдайда азамат өзінің аяси көзқарасын анықтап, бір партиянықалауы керек. Әр түрлі партияға бірдей мүше болу олардың қызметін, партиялар арасындағы, партия мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты күрделендіріп жібереді. Саяси партияның мүшесі болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негіз болмайды. Бұл саяси партияның мүшелікке қабылдау арқылы азаматты қандай да болсын құқығы мен бостандығынан айыра немесе шектей алмайтындығын білдіреді. Кез келген мемлекеттік органның, кез келген мемлекеттік ұйымның қайсыбір партияға мүше болғаны үшін азаматтың құқығы мен бостандығын шектеуге (жұмысқа, мемлекеттік қызметке қабылдаған кез келген емлекеттік емес ұйым азаматтың қанда да болсын бір партияға мүше екендігін сылтау етіп азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектей алмайды. Демек, саяси партияға мүшелігіне қарамастан азамат барлық құқықтар мен бостандықтардыпайдалана алады. Кез келген азамат өзінің қай партияға жататынын немесе жатпайтынын көрсетуге құқылы. Бұл – мейлінше демократиялық және гуманды құқықтық норма. Бір партияның үстемдігі жағдайында партиялылығы туралы көрсету міндеттелетін. Оның партия мүшесі үшін де, партияның өзі үшін де мәні болды. Сөйтіп, азамат өзінің саяси ізгі сипатын көрсету арқылы қызметі бойынша жоғарылауға үміттенетін. Ал партия үшін бұл партиялық номенклатураны қалыптастыру және қатардағы мүшелерін партиялық шараларға пайдалану үшін қажет болды. Заң мемлекет пен саяси партиялар арасындағы қатынасты белгілейді. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың кепілі қызметін атқарады.Бұл, мемлекеттің тиісті органдары, ең алдымен құқық қорғау органдары саяси партиялардың құықтары мен заңы мүдделерін қорғауға тиіс деген сөз. Мемлекет: үкіметтікін (билік басындағы)бола ма немесе оппозициядағыпартияны бола ма, оған қарамастан барлық партияны құруға тиіс. Өйткені барлық саяси партия заң алдында бірдей. Конституция мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердіңжәне қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне заңсыз араласуына заңсыз жол берілмейтіндігі туралы қағиданы нақтылай келе, мемлекеттің саяси партиялардың ісіне заңсыз араласпауы туралы немесе керісінше баяндайды. Лауазымына, қызмет жағдайына қарамастан барлық азаматтар да (құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шек қойылған) саяси партияларға кіругі құқылы. Сонымен бірге заң мемлекеттік қызметкерлердің кейбір санаттарына қатысты белгілі бір шектеулер белгілейді.Парламенттің депутаттары, Үкімет мүшелері саяси партияларда ақылы лауазымда болмауы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлер, тіпті саяси партияның мүшесі болғанның өзінде, лауазымдық міндетін орындау кезінде заң талаптарын басшылыққа алуы және саяси партиялардың және олардың органдарының шешімдеріне қатыспауы тиіс. Мұндай шектеулер азаматтарға жүктелген лауазымның ерекшелігіне балансты. Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, басқа да мемлоекеттік қызметкерлерқай партияға жататындығына қарамастан барлық азаматтарға немесе олардың көпшілігіне қатысты қызметті атқарады. Сондықтан осындай қызметкерлер жалпы азаматтық мүдделерге нұқөсан келтіретіндей партиялық мүддеге басымдық бермеуі тиіс. Заңдардың талаптары мен партия шешімдерінің талаптары бетпе-бет келіп қалған жағдайда мемлекеттік қызметкерлер партияның еркінен жоғары тұратын халықтың мемлекеттік еркін білдіретін заң талаптарын орындауы тиіс. “Саяси партиялар туралы”Заң саяси партиялардың құрылуы мен қызметін айқындайды.Саяси партиялар заң алдында бірдей. Олар өз мүшелерінің еріктілігі мен теңқұқылығы,есептесушілігі, жариялылық пен заңдылық, өзін-өзі басқару жне өзін-өзі қаржыландырупринципі негізінде құрылады және әрекет етеді.Бұл ереже саяси партиялардың менменсіп кетпеуіне, оларда бір-біріне тең келмейтін әр түрлі күштердің – номенклатура мен теңсіздіктің, басшылардың айтқанына көзсіз еретін, өзіндік көзқкрксы жоқ мүшелердің болмауына бағытталған. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. Ол партия ұйымдары өндірістік принцип бойынша, яғни, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің жандарынан құрылмайтындығын білдіреді. Саяси партиялардың аумақтық принципбойынша құрылуын азаматтар құқығының шектелуі деп қарастырмаған жөн. Коммунистік партия басшылық жасайтын социалистік елдерденбасқа барлық мемлекеттерде мұндай практика бар. Саяси партияларды мемлекеттік органдарда құруғажол берілмейді. Қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдардың ісіне араласуына жол берілмейтіндігі туралы конституциялық қағида осы арқылы жүзеге асырылады. Егер мемлекеттік органдарда саяси партиялар құруға рұқсат етілсе, онда ол олардың жұмысына іріткі салып, қызметін жүзеге асыруға кедергі келтірер еді. Заң әскерилендірілген саяси партиялар құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялардың жандарынан әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады. Заңның оқу орындарының оқу процесінде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берілмейтіндігі туралы ереженің маңызды мәні бар. Заңда саяси партиялардың бағдарламасы мен жарғысын тек мемлекеттік оқу орындарын да ғананасихаттауға тыйым салатынығы туралы айтылмайды. Әңгіме саяси партиялардың бағдарламалық және жарғылық талаптарын мемлкеттік сияқты, барлық буындағы мемлекеттік емес оқу орындарында да насихаттауға жол берілмейтіндігі туралыболып отыр. Алайда, бұл саяси партиялардың қызметін шектеу деген сөз емес. Оқу процесінде партиялықнасихатқа жол бермеу арқылы заң алдын ала әр түрлі саяси партиялардың қызмет жағдайының әркелкі болу мүмкіндігінен сақтандырады. Оқу орындарында әр түрлі партиялардың мүшелері білім алуы мүмкін ғой. Соған орай оқу процесінде бағдарламалық және жарғылық талаптарды насыихаттау бекітілген оқу бағдарламасын және білім алу құқығын бұзады. Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттің саяси өмірін идеялардың, ағымдардың, тұлғалардың күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекелестік қағидаты әртүрлі топтардың мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өмір сүруін қажет етеді. Бұл топтар әлеуметтік, ұлттық, идеологиялық принциптер бойынша ұйымдасады (қандай да бір шамада бұл қағидаттар бір-бірімен өзара байланысты). Қоғам өміріне саяси партиялар, қозғалыстар, ассоциациялар, кәсіподақтар мен тағы басқа да ұйымдар қатысады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin