Қала прокурорының бастамасымен әкімдік ғимаратында жол қауіпсіздігі бойынша Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Ел президенті елдегі жол-көлік оқиғаларының санын қайғылы жағдай деп атады. Жол қауіпсіздігінің деңгейін арттыру құқық қорғау органдары үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл мәселе қала прокуроры Ғабит Мұқановтың төрағалығымен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының, сондай-ақмәселенің өзектілігіне байланысты қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлының қатысуымен өткен Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібіне айналды.
Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар және осы саладағы анықталған заң бұзушылықтар туралы баяндалды.
Өткен жылдың басынан бері 1 мыңнан астам(1128) жол-көлік оқиғасы тіркелді, 1 443 адам зардап шекті, 87 адам қаза болған, оның ішінде 21кәмелетке толмағандар.
Арнайы есепте және «Эпилепсия» диагнозымен байқауда тұрған адамдарға жүргізуші куәлігін берудің 859 фактісі анықталды.
Аталған жүргізуші куәліктерін сот тәртібімен жарамсыз деп тану бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Іс жүзінде 85% жағдайда ЖКО негізгі себебі, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуыболып табылады.
Сондай-ақ жол белгілерін, бағдаршамдарды, бейнебақылау камераларын орнатуды қажет ететін жолдардың апатты және қауіпті учаскелері талданды.
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарынан құрылған жұмыс тобы қала аумағында 59 проблемалық жол тұстарын анықтап, оларды жою бағытында қажетті шараларды қабылдауда.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша профилактикалық іс-шаралар арқылы осы санаттағы құқық бұзушылықтарды азайту, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын барынша азайту және азаматтардың Жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша бірқатар нақты шараларды қабылдау ұсынылды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қала прокуратурасының ерекше бақылауында.
Шымкент қаласының прокуратурасы