• 21 сентября, 2024 10:51 дп

Салықтар – мемлекеттің  тұрақты қаржы көзі.

Автор:admin

Июн 18, 2024

Мемлекетке  түсетін салық түсімдеріне тән  ерікшелік – олар сан алуан  қоғам қажеттеріне таратылып  пайдаланады. Салықтардың мемлекет, басқа өкімет органдары белгілейтін  сан алуан мақсатқа арналған жарналардан, аударымдардан, төлемдерден айырмашылығы осында. Бұған әлеуметтік сақтандыруға төленетін қатаң нысаналы аударымдар, жарналар, арнайы қорларға аударылатын  жарналар мен аударымдар жатады. Нақты  қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты – халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру, приниптерінен бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының салық  жүйесі салықтардың, алымдар мен  баж салықтарының үш тобын, салық  қатынастарын реттеп отыратын құқықтық нормалар мен салық қызметі органдарын (Бас салық инспекциясы мен  оның жергілікті органдарын) қамтиды. Салық –  шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі  арадағы мемлекеттік бюджет арқылы асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын  экономикалық категория. Салықтардың  экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық  табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу  үшін белгілі бір мөлшерде қаржы  көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin