• 29 ноября, 2024 8:28 дп

Салықтық бақылап есептеу қызметі жайында не білеміз?

Автор:admin

Авг 10, 2024

Бақылап – есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады. Салықтар арқылы мемлекет ұйымдармен азаматтардың қаржы – шаруашылық қызметі және табыстар мен шығыстар көздеріне бақылау жүргізеді. Салық сомаларының ақшалай бағалануы арқылы табыс көрсеткіштері мен мемлекеттің қаржылық ресурстарға мұқтаждығы салыстырылуы мүмкін. Бақылау қызметі арқылы салық жүйесінің тиімділігі бағаланып, қаржының ағымдар мен іс — әрекеттердің түрлері қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, салық салудың бақылау қызметі арқылы салық жүйесі мен бюджет саясатына өзгерістер енгізудің қажеттілігі анықталады. Сонымен, Қазақстан Республикасындағы салық төлеушілер мыналар болып табылады: 1 Кез – келген ұйымдық құқылы формадағы кәсіпорындар мен бірлестіктер және ұйымдар: а) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды ұйым болып табылатындар; ә) басқа мемлекеттердің заңдарымен заңды ұйымдар болып табылатындар, бірақ біздің Республикада заңды ұйым ретінде тіркелмегендер. Бұлар үшін салықтарды филиалдары, оқшауланған бөлімшелері немесе тұрақты өкілдері төлейді. 2 Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар. 3 Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген басқа да салық төлеушілер. Азаматтар жыл көлемінде әр түрлі, жұмыс қызметтерден алған кірістері жайында өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі салық инспекцияларына жыл бойы алған кірістердің нақтылы көлемі көрсетілген, декларацияны 1 – ші сәуірден кешіктірмей өткізулері керек. Салық жеңілдіктері. Салық жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару. Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin