• 23 ноября, 2024 9:03 пп

САЛЫҚ, КЕДЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 12, 2021

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті.

Шараға Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Сәмет, Арыс көлік прокуратурасының прокуроры М.Мошқалов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, Түркістан қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Кездесуде сөз алған Нұрдәулет Ілиясұлы мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, жемқорлық деңгейі жоғары салалардың бірі кеден саласы екендігін айтып, орын алған қылмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде кеден бекеттерінде ашықтықтың болмауы, жүк көліктерін өлшейтін таразылардың біркелкі жұмыс жасамауы, оны қолдан реттеу мүмкіншіліктерінің болуы жайында және заңнамаға енгізілген өзгерістер, құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы және бірінші басшылардың жауапкершілігі мен пара алушылар мен пара берушілерге және делдалдарға қатысты Заң нормалары қатаңдатылғаны туралы айрықша атап өтті.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасының қызметтік тергеу бөлімінің басшысы С.У.Беркімбаев Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Жиын барысында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып, пара алып ұсталғандарға қатысты арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында Нұрдәулет Ілиясұлы қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға шақырды.

Автор: admin