• 21 сентября, 2024 3:13 дп

Салық саясатының қоғамдағы рөлі

Автор:admin

Июн 14, 2024

Салық санының  көптігі,айналымды аңықтаудың қиындығы,шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері,салық  ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы,халықаралық салық салудың негіздеріінң тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйксінің одан ары қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті.Әрине бұл өмір талабына сай.Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз,сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады,түзеледі,ары қарай дамиды. Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті. Бірінші кезең. 1991 жылғы  9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің  «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін  құру туралы»Жарлығымен ҚАЗКСРнің  басты мемлекеттік салық инспекциясы  құрылды.16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық жөніндегі  заң актілер қабылданды.1991ж.қабылданған  Қазақстан Республикасының«Қазастан  Республикасындағы салық жүйесі  туралы»Заңына сәйкес  16 жалпы  мемлекеттік салық,10 жалпыға бірдей  міндетті жергілікті салықтар  және алымдар,17 жергілікті салықтар  мен алымдар кірді. Екінші кезең. Қазақстан Республикасының  Үкіметі 1995 жылдың басында салық  реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады.Осыған орйай 1995 жылы 24 сәуірде«Салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығы  шықты.Бұл өз қаржы жүйеиізді  құрруға ықпал етті.Ең бастысы,салық  төлеу жүйесі ықшамдалып,салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды.Оның ішінде 5-і мемлекеттік,6-ы жергілікті салықтар. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы 16шілдедегі  ғ440-1 заңына сәйкес мәртебесін алды. Үшінші кезең. 2001 жылы 12маусымда  Қазақстан  Республикасының жаңа  Салық кодексі қабылданып,2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа  енгізілді.Қазақстан Республикасының  Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар. Жаңа салық заңына сәйкес салық салынатын кіріс жылдық жиынтық кірістен осы кірісті шығарумен байланысты барлық шығындарды алып тастау жолымен  табылады,сөйтіп шынайы салық базасы аңықталады. Салық салу тәртібін жүйелеу,қазіргі салықтардың  тұрақтылығы және мемлекеттегі салықтық құқық қарым-қатынастарын реттейтін  біртұтас заңның болуы барлық салық  төлеушілердің мемлекет бюджетіне  қанша және қашан төлеуін білудің  негізін жасайды.Мұндай заңдық норма  салық  төлеуші мен салық заңын  сақтауды және мемлекет алдында салықтық міндеттемелердің түсуін қамтамасыз ететін салық органдарының қарым-қатынастарын мүлдем жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ақыр аяғында  жаңа салық заңы ережелерінің ескіге қарағанда табыс есебінен салықтарды алу пайызын орташа есеппен 20 тармаққа дейін төмендетуге мүмкіндік  жасайтынын атап айтқан жөн.Сондай-ақ мұнда Салық кодесін жасақтауғу бұрынғы шақырылған депутаттар,Қазақстан  өнеркәсіпшілер одағығының,Қазақстан  Президенті жанындағы кәсіпкерлер  кеңесінің өкілдері,бірқатар ірі  және шағын кәсіпорындардың басшылары  мен бас есепшілерінің атсалысқанын атап өткен орынды.Салық кодексінің сан алуан ережелерін дайындаумен  бірге олар нақты кәсіпорындарға негізделіп,нәтижелері қорытындалып жатыр.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin