• 20 сентября, 2024 2:56 пп

Салық түрлерінің жеңілдіктері қандай? Қазақстанда әлеуемттік топтарға жеңілдіктер қарастырылған ба?

Автор:admin

Авг 13, 2024

Салықтың түрі бойынша салық төлеушілердің жекелеген тұлғалары салық төлеуден босатылады. Мәселен, жер салығын иелігінде жер учаскесі бар тұлғалар төлеуі тиіс. Ал, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер жер салығын төлеуден босатылады. Мұнда мемлекеттің әлеуметтік саясаты жүзеге асырылады, яғни мемлекет әлеуметтік топтардың жекелеген түрлеріне салық төлеуде жеңілдіктер қарастырылған. Екіншіден, салық мөлшерін төмендету арқылы жасалатын жеңілдіктер. Бұл негізінен үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: — салық төлеушілердің кейбір санаттарына немесе мүліктердің жекелеген түрлеріне қатысты төмендетілген салық ставкаларын белгілеу. Мәселен, корпорациялық табыс салығын төлеушілер үшін 20 пайыздық салық ставкалары бекітілген, ал негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушілер үшін 10 пайыздық салық ставкасы берілген, яғни мұнда мемлекет ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге салық жеңілдіктерін қарастырған; — салық салу кезінде мүліктердің белгілі бір түрін есепке алмау, немесе кейбір мүліктер салық салынуға жатпайды. Үшіншіден, салық төлеудің мерзімін ұзарту Бұл салық төлеушілердің материалдық жағдайы қиындағанда немесе кездейсоқ оқиғаларға сәйкес берілетін салық жеңілдіктері ретінде қарастырылады. Салық ставкасы бойынша жеңілдіктер. Корпорациялық табыс салығында салық төлеушілер негізінен 30 пайыздық ставка бойынша салық төлесе, негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушілер 10 пайыздық ставка бойынша салық төлейді. 5 Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер. Мәселен, ҚҚС – ғы бойынша салық кезеңі – күнтізбелік ай болса, ал ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық кезеңі бір жыл болып табылады. 6 Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер. Шағын бизнес субъектілерінің белгілі бір бөлігі оңайлатылған декларация негізінде салық төлейді. 7 Салық төлеу тәртібі бойынша жеңілдіктер. Мәселен, шағын бизнестің кейбір субъектілері салықты бір жолғы талон немесе патент негізінде төлейді. Салық жеңілдіктерінің мазмұнын былайша баяндауға болады: Біріншіден, салық төлеуден босату жөніндегі жеңілдіктер.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin