• 24 ноября, 2024 1:42 дп

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Июл 5, 2022

Еліміздегі аса өзекті әрі кезек күттірмес басты мәселеміздің бір болып саналатын — әлеуметтік саланы дамыту саясатын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз парасатты байыптылық танытып жүргізіп келе жатырмыз. “Қазақстан — 2030” бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-қүқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жүмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот жэне құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының қүрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам инсти- туттары даму жолына түсті. Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыптасқан әріптестік саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарда, соның ішінде, Б¥¥-да белсенді жұмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді. Осы бағытта сенат депутаты қаламызда орналасқан әлеуметтік қолдау орталығының жұмысымен танысты.  «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет көрсетеді. Мұнда дәрігер мен психолог жұмыс істейді.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылған. Сондай-ақ, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік порталдың қызметін өз бетінше алуды үйренуіне болады.

—Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Бүгінде мемлекеттік жәрдемақымен қоса медициналық оңалту және ем түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік портал арқылы көмекші құралдармен толық қамтамасыз етілуде. Оған қоса Парламентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғауға бағытталған заңнаманы желтілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сессияаралық демалыс кезінде осы жұмыстың нәтижесі қалай болып жатқанын көру үшін өңірлерді аралап жатырмыз, — деді сенатор.  Айта кетейік, халық қалаулысы қаладағы әлеуметтік қамсыздандыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті сұрақтары және оларды шешу жолдары, әлеуметтік мәселелерлерді талқылауға арналған дөңгелек үстел мәжілісіне қатысты.

Jsk ақпарат

Автор: admin