• 18 октября, 2024 12:22 пп

Соғыс кезінде Нидерландыда қаза тапқанқазақстандықтардың ұрпақтарын іздестіру

Автор:admin

Окт 1, 2024

Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткенқазақстандық жауынгерлердің дерегін(олардың жалпы саны 271 мыңнан астам) жүйелі іздеу жұмыстары күні бүгінге дейінжалғасуда.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы осы игі іспен бес жылдан бері айналысып келеді. Аталған кезеңде оның ресми сайтынамайдангер ұрпақтарынан 9 мыңнан астамөтініш келіп түскен. Барлығы 4000-ға жуыққазақстандық жауынгердің жерленгенорындары мен жеке басы анықталып, 19 отандасымыздың сүйегі туған жеріне әкелініп, әскери құрметпен жерленді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде50-ден астам келісімге қол қойылды. Оныңішінде Нидерланды Корольдігінің «СоветтікДаңқ алаңы» қоры да бар. Аталмыш қордыңдиректоры Ремко Рейдингтің айтуынша, Голландиядағы «Амерсфорт» концлагеріндегіәскери тұтқындар арасында қазақтар да болған көрінеді. Ол кейін өз болжамындәлелдеді де. «Atamnyn Amanaty» іздестірутобының көмегімен голландықтар Екіншідүниежүзілік соғыс кезінде сол лагерьде қазатапқан жауынгердің ұрпақтарынАлматыдатұратын Баратовтар отбасын іздеп тапты. Жақында қор өкілдері Голландияда жерленгентағы тоғыз қазақстандықтың тізімін бізге табысетті.

Отандастарымыздың аты-жөндері мен басқа да деректерін жариялау арқылыолардың тікелей ұрпақтары немесе жақынтуыстары табылар деген үміттеміз:

1. Ахметов Сәдуақас, 1916 жылы туған, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, ЖаңаАрқа ауылы. ҚазКСР.

2. Белоусов Иван, 1911/1912 ж.т., ҚазКСР.

3. Боярский Михаил Петрович, 1890/97 жылы туған, Яблоновка ауылы (Макинкаауылы) немесе Зауралький ауыл советі, Еңбекшілдер ауданы, Ақмола облысы, ҚазКСР.

4. Буторин Константин Григорьевич, 1909 ж.т., Урыл/Катонқарағай, Катонқарағайауданы, Шығыс Қазақстан обл. ҚазКСР.

5. Выходцев Федор Алексеевич, 1911/1912 ж.т., Малонарымка ауылы/Свинчатка ауылы, Ақмола облысы, Семенов ауданы. ҚазКСР.

6. Деревянко Трофим Павлович, 1906 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер ауданы, Ленгер-Уголь. ҚазКСР.

7. Тостанов Сұрғай, 1897/1902 ж.т., «Ақтас» колхозы, Жамбыл облысы, Красногорауданы, ҚазКСР.

8. Тягиев А.З, туған жылы белгісіз, ҚазКСР.

9. Тұрамбаев Әділхан, 1917 жылы туған, Ақшығанақ ауылы, Ақмола облысы Рузаевауданы, Жаңа-ауыл советі, ҚазКСР.

Байланыс телефондары: 87768284535;  87768284534.

«Atamnyn Amanaty» ҚБ баспасөз қызметі

Автор: admin