• 22 декабря, 2024 12:20 пп

Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу басты назарда

Автор:admin

Дек 19, 2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, сонымен қатар 2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсімінде кемшіліктерге жол бермеу өте маңызды.


Заң бұзушылыққа жол бермеу мәселесі ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалында өткен жиналыста да кеңінен талқыланды.

Қазіргі таңда қалада 189 медициналық мекеме, оның ішінде 34 мемлекеттік және 155 жеке меншік ұйым міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қызмет көрсетуде.

Жиналыс барысында сатып алу процесінің әділ әрі ашық жүргізілетіндігі баса айтылды.

Қор филиалының қызметкерлеріне медициналық қызметтерді жеткізушілермен бейресми байланыстардың болмауы және барлық шешімдердің бейнежазба арқылы тіркеліп, жария түрде сақталуы қажеттілігі атап көрсетілді.

Бұл талаптар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және халықтың сапалы медициналық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Автор: admin