• 11 декабря, 2024 11:50 пп

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылау жалғасуда

Автор:admin

Фев 1, 2022

Түркістан өңірінде Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасын талқылау өз жалғасын табуда.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет Кәсіпкерлік палатасында дөңгелек үстел өткізді.

Іс — шараға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Т.А.Нақыпбеков, ҚР Президенті жанындағы мемлекетік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Идрисова мен кәсіпкерлік палатасының мамандары және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты — Тұжырымдама жобасын шағын және орта бизнес өкілдері арасында жан — жақты талқылау, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қоғамдағы түйткілді мәселелерді анықтау және олардың шешілу жолдарын бірлесе қарастыру.

Стратегиялық құжаттың маңыздылығы ортаға салынған жиында Нұрдәулет Ілиясұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндап, 2022 — 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырды.

Аталған шара барысында корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері мен Тұжырымдама жобасы жан-жақты талқыланып, қатысушылар тарапынан орта және шағын бизнес өкілдерін ынталандыруды жүзеге асыру және пилоттық жоба ретінде табиғи монополиялар, квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілер және екінші деңгейлі банктерді енгізу сынды ұсыныстар берілді.

Jsk ақпарат

Автор: admin