• 24 ноября, 2024 2:57 пп

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЭЫДҰ-ның парасаттылық және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі отырысына қатысты

Автор:admin

Окт 16, 2024

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізу жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттерінің бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 15-16 қазан аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж. Жұмағали бастаған делегация парасаттылық және жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.

Іс-шарада мемлекеттік және жеке секторлардағы адалдық пен сатылмаушылық, мүдделер қақтығысы, қоғаммен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы күрестің озық құралдары талқыланды.

Іс-шара аясында еліміздің жемқорлыққа қарсы саясаты және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы таныстырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, цифрлық құралдарды енгізу, активтерді қайтару, бизнесті қорғау және заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі баяндалды.

Айта кету керек, Қазақстан халықаралық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларға пара беруге қарсы күрес жөніндегі ЭЫДҰ Конвенциясына қосылуға ниетті.

Бұл мемлекеттік аппарат пен қоғамда парасаттылық қағидаттарын енгізу, құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау, заңсыз активтерді қайтару мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді және шет елдердің құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін негіз жасайды.

_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.

Автор: admin