• 23 ноября, 2024 11:25 пп

Сізге зорлық-зомбылық көрсетілсе, құқық қорғау органдарына хабарласу өте маңызды.

Біздің заңнама бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық деген — белгілі бір отбасылық қарым-қатынастағы адамдар арасында шиеленіс орнап, оның нәтижесінде пайда болған физикалық, психологиялық және эмоционалды қысым. Ол ерлі-зайыптылар арасында ғана емес, аға, әпке немесе балалар секілді барлық туыстық қатынастар арасында да болуы мүмкін. Яғни бір үйде тұратын адамдар бір-біріне кесірін тигізсе, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық деп танылады. Егер екі жұп заңды некеде тұрмаса, онда олардың арасындағы қысым тұрмыстық зорлық-зомбылық болып саналмайды. Зорлық-зомбылықтың ең жиі кездесетін түрі – физикалық зомбылық. Психологиялық қысым арқылы да тұрмыстық зорлық-зомбылық орнауы мүмкін. Ол көбіне кемсіту, қысым көрсету, «құның жоқ» деп айғайлау сияқты әрекеттерден тұрады. Мұның барлығы жүйелі түрде қайталанып отырса, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық болып есептеледі. Егер сіздің күйеуіңіз сізді кемсітіп, жиһазды сындырып, сізді ұрса, оны видео не суретке түсіру қажет. Бұл сізге полицияда арызыңызды негіздеуге көмектеседі. Үйде болған қысымды дәлелдейді. Мысалы, күйеуіңіз сізге қол жұмсаса, міндетті түрде денедегі жарақаттарды суретке түсіріп алу керек. Киімде немесе үйде қаның ізі қалса, видеоға түсіріп, болған жайт пен оның салдарының бәрін баяндауыңызға болады. Физикалық зорлық болғаннан кейін міндетті түрде 103 нөміріне хабарласып, айту керек. Олар да сіздің жарақаттарыңызды тіркеу үшін жедел жәрдем шақырып, ауруханаға алып барады. Дәрігерлер сіздің денсаулығыңыз бен алған жарақаттарыңыз жайлы ақпаратты ресми түрде тіркейді. Көздің асты көгеріп қалуы да зомбылықтың болғанын растайды. Сондықтан көмекке жүгіну үшін жәбірлеуші бір жеріңізді сындырғанша күтудің қажеті жоқ. Аурухана дәрігер алған зақымдарыңыз жайлы анықтама береді. Одан кейін жедел жәрдем тұрмыстық зорлық болғанын бірден полицияға хабарлауы тиіс. Егер учаскелік полицей сізге хабарласпаса, өзіңіз онымен байланысып, арыз қабылдауын сұраңыз. Жәбірлеуші балаларға да қауіпті деп қорықсаңыз, бұл туралы арызға жазғаныңыз жөн. Күйеуіңіз балаларыңызға айғайлағанын немесе қол көтергенін көрсеңіз, онда оны видео немесе аудиоға жазып алыңыз. Өзіңізге залалы тимеуі үшін оны білдіртпей істеген жөн. Мұндай видео-дәлелді келешекте ата-ана құқығын алу үшін қолдана аласыз. Сізге зорлық-зомбылық көрсетілсе, құқық қорғау органдарына хабарласу өте маңызды. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс деп танылмайтынын түсінемін. Оны тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қолдауын табу ауыр. Бірақ не болса да олар қабылдайтын әрбір арыз міндетті түрде тіркеледіОсылайша көп әйел арыз жазса, біз Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың шынайы статистикасын білеміз. Ал статистиканың нәтижесі парламенттің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қайта қарастыруына және оны қылмыстық жаза ретінде тануына себеп болар еді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin