«Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Тоғыс қаласындағы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Калмахан Хасанович Кдирбаев аталған ұжымда 2004 жылдан бастап қызмет атқарады. К.Кдирбаев өз қызметінде 3200 сағат су асты сүңгуірлік жұмыстарын жүргізді. Сүңгуірлік іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде 18 адамды су астынан тауып шығарған. Құтқарушы ретінде 60 реттен астам қайғылы жағдайға ұшыраған адамдарды іздестіру жұмыстарына қатысып, 6-құтқарушы жасақшы дайындаған. Калмахан Кдирбаев кез келген төтенше жағдайға дайын болу үшін үнемі физикалық және психологиялық дайындықтарын жетілдіреді. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, әрбір оқиға әртүрлі сипатта болғандықтан, жылдам әрі тиімді әрекет ету — олардың басты міндеті екенін біледі. «Су астындағы өмір оңай емес, бірақ осы саладағы мамандар өз жұмысына үлкен құрметпен қарайды және оларды осы қауіпті қызметке деген махаббат пен адамгершілік сезімдері алға жетелейді»-дейді Калмахан Кдирбаев. Тоғыс қаласындағы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Калмахан Хасанович Кдирбаев мамандандырылған жұмыстардың І-ІІ тобының 3 сыныпты сүңгуірі және 1 сыныпты құтқарушы маман, әрі Қазақстан Боксынан спорт шеберіне үміткер. Қазақстанда азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлері кәсіби мерекесінің белгіленгеніне биыл – 25 жыл. 1995 жылы 19 қазан – Құтқарушы күні болып бекітілген болатын. Содан бергі ширек ғасырда батысқазақстандық құтқарушылар да талай жанға қиын сәтте көмек қолын созып, абыройлы еңбек етіп келеді. Кеңес өкіметі ыдыраған кезде Қазақстанның өртке қарсы қызметі материалдық жағынан да, техникалық жарақтандырылуы жағынан да қиын жағдайда тұрған құрылым болатын. Бөлімшелерде өрт сөндіру техникасы көнерген, заманауи апаттық-құтқару жабдығы жетіспеді. Экономикалық қиындықтарға байланысты техниканы жөндеу, қосалқы бөлшек сатып алу, тіпті жанар-жағармай сатып алуға қаржы бөлінбеді. Тек мемлекет бірте-бірте аяғына нық тұрған соң ғана жағдай өзгерді. Әрине, дабыл соғылғанда күн демей, түн демей басын қатерге тігіп, тілсіз жауға, түрлі қиын жағдайға қарсы аттанып бара жататын құтқарушы топтың әр мүшесі туралы жеке мақала жазса да артық етпейді. Біз төменде Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған құтқарушы қайсар жандармен жақынырақ таныстырмақпыз.
Jsk ақпараттық агенттігі