Акция аясында рұқсат етілмеген қоқыстарды анықтау жөнінде рейдтер жүргізілді. Аумақтық экология департаменттері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде көптеген полигон жойылды. «Таза ауа» рейдтері барысында 482 автомобиль тексеріліп, экологиялық стандарттардың 105 бұзылуы анықталды. 96 жүргізушіге қатысты айыппұл мен ескерту түріндегі әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды. Бұл шаралар экологиялық нормаларды сақтаудың маңыздылығын тағы бір дәлелдеп, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттырды.
Жобаның ерекше бір жетістігі азаматтарға экология саласындағы проблемалар туралы хабарлауға, оларды шешуге қатысуға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасын құру болды.
Бір жыл ішінде чатбот арқылы 7 929 өтінім түсті. Оның ішінде – 7 061 өтінім орындалды, 168 өтінім орындалу үстінде, 23 өтінім қаралып жатыр, 674 өтінім кері қайтарылды. Ең жиі жасалған өтінімдер: аумақтарды жинау – 2 142 өтінім, тұрмыстық қоқыстарды шығару – 668 өтінім, көшелерді абаттандыру – 648 өтінім, жолдарды жөндеу – 595 өтінім. Чатбот экологиялық мәселелерді жедел шешуге ықпал ете отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтің тиімді құралына айналды.
Акцияның басты нәтижелерінің бірі – қоғамның түрлі топтарының бірігуі, бірлесіп жұмыс істеуі болды. Науқанға мемлекет, жергілікті билік органдары, мектептер, студенттер, кәсіпорын-мекемелер, қарапайым азаматтар белсене қатысып, барлық аймақтарда тазалық жұмыстары тыңғылықты жүргізілді.
Акция барысында табиғатты қорғау мәселесі кеңінен насихатталды. Қоқысты дұрыс тастау, қайта өңдеуге арналған контейнерлерді пайдалану, ауланы тазарту, басқа да экологиялық шаралар туралы ақпараттық жұмыстар атқарылды.
Тазалық жұмыстары, сенбіліктер кезінде қоқысты сұрыптау, қайта өңдеу мәселесі ерекше назарда болды. Экологиялық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қоқыс жинау пункттері мен қайта өңдеу орталықтары көбейді. Қоқысты сұрыптау мәдениеті тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де кеңінен тарала бастады.
Акция табиғатқа зиян келтіретін факторлармен күресуге, оның ішінде заңсыз қоқыс төгу, орманның жойылуы, су көздерінің ластануы сияқты мәселелерге қарсы бағытталды. Жергілікті билік органдары мен құқық қорғау органдарының экологиялық заңнаманы бақылау мен орындауға қатысты белсенділігі артты.
Акцияның тағы бір жетістігі, жас ұрпақты экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды. Бұл шаралар мектептер мен оқу орындарында экологиялық тәрбие беру, балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу арқылы жүзеге асты.