Түркістан қаласында республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы басталды. Атқарылған шаралар барысында аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Шаһардың жасыл аймағын ұлғайту мақсатында көктем мезгілінде 104 300 дана ағаш егілген болатын. Олар терек, емен, сәмбітал, үйеңкі, кіші жапырақты қарағаш, өрік, аморфа сынды ағаш түрлері. Одан бөлек, орталықтағы саябақ пен аллеяларда 200 мың дана көпжылдық, гүл түрлері отырғызылды. Аталған жұмыстарға 300-ге жуық маман мен 34 техника жұмылдырылған.
Айта кетсек, өткен жылы қала аумағында көктем мезгілінде эустома, тәжігүл, шафран, шалфей, циннея, гейхера, гортензия, раушан, микс сынды жалпы 34 036 дана гүл егілген. Ал күз мезгілінде раушан гүл, хризантема, гортензия, қызғалдақ сынды жалпы саны 94 000 дана гүл егілген болатын.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі