«ТҮРКІСТАН – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ  3 АЙДА АТҚАРҒАН  ЖҰМЫСТАРЫ  БРИФИНГ БАРЫСЫНДА БАЯНДАЛДЫ

Ақпарат Қоғам

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлзия Қарсыбай жобалық кеңсемен 2021 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстарды  баспасөз мәслихатында баяндады.      

 Баспасөз жиынында 2018 жылдың 13 желтоқсанында ашылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында сыбайлас жемқорлық фактілері жиі кездесетін салаларға, соның ішінде білім, денсаулық, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру секілді салаларға мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Түркістан өңірінде қоғамдық бақылаудың күшейтілгені атап өтілді.         

 Брифингте Гүлзия Нұрғалиқызы  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді  іске асыру шеңберінде тұрғындардың кез-келген мәселесін кедергісіз шешу мақсатында облысқа қарасты барлық  16 қала/ауданда ашылған сервистік әкімдіктер ашылып,   2020 жылы мемлекеттік қызметтің 65 686 түрі көрсетілгенін және 2021 жылы өңірдегі көлемі үлкен ауылдық округтерде халық игілігі үшін 9  сервистік әкімдіктер  іске қосылғанын мәлімдеді. 

 

 Жобалық кеңсемен «Сапалы жол» жобасы аясында жыл басынан бері  Кентау, Арыс қалалары мен Сарыағаш, Созақ аудандарында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде анықталған 29 бұзушылық бойынша әкімдік пен мердігер компанияларға қалпына келтіру ұсынылу арқылы нәтижесінде қайта қалпына келтірілген.   

 Бұдан бөлек, бүгінгі күні кәсіпкерлікті сыбайлас жемқорлықтан 100% қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Түркістан өңірінде PBI (Бизнес пен инвесторларды қорғау) жобасы аясында 2021 жылы құны 42 млрд. теңгеден аса 10 ірі кәсіптік субъект сүйемелдеуге алынып, келіп түскен   9 өтініш 100% қанағаттандырылған.   

 Брифинг соңында «Қолжетімді Қазақстан» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған ортаның  қолжетімділік деңгейін анықтау және жүргізілген мониторингтің негізінде қолайлы жағдай жасау бойынша жыл басынан бері  Түркістан қаласында  орналасқан  326 ғимаратқа мониторинг  жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 326 ғимараттың
170-і (55%) қолжетімді баспалдақ, 106-сы (32%) арнайы көлік тұрағы,
17-сі (5,4%) талапқа сай дәретханамен жабдықталғаны анықталғандығы және жүргізілген жұмыстар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған doskaz.kz сайтына енгізілетіндігі айтылды.