Бәйдібек ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы ретте аудандағы Шаян ауылдық округінде «Менің талым!» атты отбасылық акциясы өтті. Акцияға ауыл әкімдігінің кызметкерлері отбасыларымен бірге қатысып, 100 түп ағаш көшеттерін отырғызды.
Шаян ауылдық округінің әкімі Айнұр Әуелбекованың айтуынша, акция — жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өз көшеттерін отырғызу арқылы қоршаған ортаны тазартуға бағытталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі