• 27 ноября, 2024 2:32 пп

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР КҮНІНЕ ҮШ МЫҢ БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАСЫН САУДАҒА ШЫҒАРАДЫ

Автор:admin

Окт 10, 2023

Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі аумағындағы “Asyl qus” бөдене құс шаруашылығы үш мыңнан аса бөдене құсын өсіріп келеді. Аталған кәсіпорын 2022 жылы толық іске қосылған. Жоба құны 16 млн теңгені құрайды. Шаруақожалықтың иесі бүгінде жұмыртқамен қатар бөдене етін де экспортқа шығарған.
— Бұл жобамыз отбасылық бизнеске айналды. Бұған дейін бірнеше кәсіптің түрін жүргізіп көрдік. Дегенмен осы бизнесіміз арқылы табысқа кенеліп отырмыз. Бөденені бастапқыда сатып алсақ, бүгінде өзіміз өндіріп көбейтіп жатырмыз. Күніне 3 мыңға жуық бөдене жұмыртқасын еліміздің ірі қалалары мен облыс аумағындағы аудан, қалаларға жіберіп отырмыз. Бұдан бөлек бөдене етін де сатуға шығардық. Сұраныс жоғары. Үйренем деушілерге арнайы курстар ұйымдастырып, кәсіптің қыр сырымен таныстырудамыз, — дейді “Asyl qus” бөдене құс шаруашылығының директоры Диана Есенова.
Бүгінде кәсіпкер бір гектар аумақта орналасқан қожалықта 9 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ондағы жұмыскерлер мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті тұрғындар арасынан алынған. Кәсіпкердің айтуынша алдағы уақытта қожалықты кеңейтіп, өнімін шет мемлекеттерге экспорттауды жоспарлауда.

Автор: admin