• 23 ноября, 2024 12:40 пп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖАТҚАН НАУҚАСТАР ДА БІР КІСІДЕЙ ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР

Автор:admin

Мар 19, 2023

Облыстық клиникалық ауруханада 650 науқас емделіп жатыр.
Ауруханадағы 200-ден астам науқас сайлау учаскесіне өз бетімен келіп, дауыс беруде. Олардың барлығы дерлік алыс-жақын аудандардың тұрғындары. Базбірі қоларбамен келіп, өз таңдауын жасауда.

Тұрғылықты жерлері әртүрлі болғандықтан бұл сайлаушылар тек партияға дауыс беретін болады. Солардың бірі Қазығұрт ауданынан келген Ділбар Иманқұлова бүгінгі сайлаудан көп үміт күтетінін айтады.

«Бүгінгі сайлау мен үшін де, отбасым мен ауылдастырым үшін өте маңызды деп айтар едім. Себебі көп өзгеріс болады деп үміттенеміз. Әсіресе көп жылдар бойы қордаланған ауылдардағы ауызсу, жайылым, жол мәселесі шешілсе дейміз. Осы халыққа жаны ашитын, елдің қамын ойлайтын азаматтар сайланса деген тілегіміз бар», — дейді Ділбар Иманқұлова.

Ал ауруханадағы өздігінен жүріп тұра алмайтын науқастарға сайлау учаскесінің өкілдері палатаға барып, дауыстарын қабылдауда. Олардың саны 400-ден астам. Айта кетейік, бүгін өңірде 1 млн 168 мыңнан астам адам дауыс беруге қатысатын болады.

Автор: admin