• 21 ноября, 2024 2:04 пп

Түркістан облысында білім беру ұйымдарының 85 пайызы мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалды

Автор:admin

Янв 23, 2023
Түркістан облысында білім беру ұйымдарының 85 пайызы мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалды. Аймақтағы 8 колледж, 139 мектеп және 218 балабақша тиісті талаптарға сай екенін дәлелдей алмаған, деп хабарлайды JSK.KZ ақпарат BAQ.KZ сілтеме жасап.

Qazaqstan tv-ның мәліметінше, сырттай жүргізілген бағалау жұмысы кезінде оқу жоспарынан бастап, білім нысандарының қажетті техникалық базамен қамтамасыз етілуі барлығы сараланған. Ал балабақшаларда тәрбиешілер бойынша тексеру жүргізілген. Анықталған кемшіліктерді жою үшін білім мекемелеріне 1 айдан 1 жылға дейін мерзім берілген.

Қайта аттестатталмағанның бәрі Сарыағаш ауданынан шығып жатыр. Одан кейін бізде ең үлкен Жетісай ауданы бар, Сайрам ауданында көптеген кемшіліктер анықталып жатады. Қазығұрт ауданында да. Оларға енді ұсыныстар берілді. Мерзім берілді, — деп мәлімдеді облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Гүлдар Медеубек.

Автор: admin