• 18 июля, 2025 5:26 пп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Июл 18, 2025

 

Өткен жылы облыстық зоопаразитологиялық топ құрамдарымен барлығы 781 елді мекенде барлау жұмыстары жүргізілген. Сынама нәтижелері көрсеткендей жиналған 62 918 дана кененің 136-нан Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруының қоздырғышы анықталған. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова мәлімдеді.

«Облыста 2024 жылы Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына 11 адам шалдыққан. Науқастардың 4-н кене шаққан, 6-ы мал күтімімен айналысқан, ал 1-і табиғи ошақта егістікпен айналысқан. Аталған ошақта эпидемияға қарсы және жұқтыру көзін анықтау мақсатында эпидемиологиялық, зооапаразитологиялық тексеру жұмыстары толық жүргізіліп, қоражайлар мен ауылшаруашылық малдарынан барлығы 3 468 кене жиналып, 16 сынамадан аталған аурудың қоздырғышы анықталды. Айта кетейік, өткен жылы өңірде барлығы – 1 416 тұрғынды кене шағып медициналық ұйымдарға қаралған. Ал биылғы жылдың басынан осы күнге дейін аталмыш ауруды жұқтырған 1 жағдай тіркеліп отыр. Облыс бойынша 2025 жылдың бүгінгі күніне дейін барлығы 597 адамды кене шағып, азаматтар медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген»-деді спикер.

Одан бөлек, облыс аумағында жіті ішек инфекциясының алдын-алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

«Облыс бойынша 2025 жылдың 6 айында жіті ішек инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Биылғы жылдың 6 айында 148 жағдай тіркелген. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың жіті ішек инфекциялары тобымен аурушаңдығы 22 жағдайға өскен»-деді спикер.

Автор: admin