• 24 ноября, 2024 1:17 пп

Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту шаралары жалғасуда…

Автор:admin

Дек 18, 2022

2022 жылғы  жағдай бойынша 237,5 мың адамға 12,3 млрд теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалса, олардың ішінде еңбекке жарамды 68 367 адамның 52,6 мыңы жұмыспен қамтылған деп хабарлайды jsk.kz порталы. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысында 2021 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 40,1 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, нақты 54,2 мың жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 20,3 мыңы тұрақты болса, 34 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Бекітілген жоспар 135,2 пайызға орындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында осы саладағы түйткілдер тарқатылып, жоспарлар белгіленді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, 2021 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 101 мың адамды жұмыспен қамту шараларына жолдау жоспарланып, 102 609 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Жоспар артығымен орындалған. Бағдарлама шеңберінде 900 адам қысқа мерзімдік оқуды аяқтап, оның 90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Аталған бағдарлама аясында 1276 азамат 6089,9 млн теңгенің шағын несиесін алды. Шағын несие алушылар тарапынан 1402 жаңа жұмыс орны ашылды. Түзілген келісімшарттарға сәйкес, шағын несиелеу жұмыстары 2022 жылдың наурыз айына дейін жалғасатын болады. Жұмысқа орналасқан азаматтардың міндетті зейнетақы жарнасы азаматтардың 83,8 пайызына аударылған. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 42,3 мың отбасы немесе 237,5 мың адамға 12,3 млрд. Теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды, олардың ішінде еңбекке жарамды 68 367 адамның 52,6 мыңы жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасымен қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасы шеңберінде өмірлік қиын жағдайға тап болған 1036 отбасына 308,5 млн. теңгеге демеушілік қолдау көрсетілді, 33 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жұмыс орындарын көбейту бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. «2022-2025 жылдарға арналған өңірдің жұмыспен қамту картасын» бекіту қолға алынды. Бүгінгі таңға жауапты салалық басқармалардан 9 ұлттық жоба бойынша мәлімет жинақталып, 2022-2025 жылы 145,9 мың жұмыс орнын ашу жоспарға енгізілді. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының мерзімін 12 айға ұзартып (қолданыстағы заңмен 6 ай болған), жалақысын 91 890 теңгеге жеткізу ұсынылған.Өмірзақ Шөкеев тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды әрі басты мәселе екеніне тоқталып, бағдарламаларды әділ әрі сапалы жүзеге асырып, елге көмектесуді тапсырды. Аппарат отырысында коронавирус індетіне қарсы күресті тоқтатпау мәселесі де сөз болып, тиісті тапсырмалар берілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өз сөзінде өткен жылдан бастап Қазақстанда дағдарысқа қарсы іс-шаралар пакеті шеңберінде Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылып жатқанын еске салды. 2020 жылы ЖҚЖК аясында құрылыс, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 6,6 мың инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. 239 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 120 мыңы жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмысқа орналастырылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 3 ауысымды және апатты мектептердің проблемаларын ішінара шешуге, ауыл тұрғындарының білім алуға, денсаулық сақтауға және таза ауыз суға қол жеткізуіне, суармалы және жайылымдық жерлер көлемін ұлғайтуға, ауылдық елді мекендерді газдандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ЖҚЖК жұмыссыздықтың 4,9% деңгейінде сақталуына ықпал етті», деп хабарлады Серік Шәпкенов.  Ағымдағы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға 300 млрд теңге көзделген. Оның ішінде Ұлттық Банктің облигациялық қарызы есебінен 200 млрд теңге қарастырылған. ЖҚЖК халықтың өмір сүру сапасын арттыру; ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; өңірлерде бизнесті дамыту сияқты төрт бағыт бойынша іске асырылады. «Қаржыландыру лимиттері жұмыс күшінің үлесіне сәйкес айқындалып, өңірлер бойынша бөлінді. Қаражаттың негізгі бөлігі 42,5% (127,5 млрд теңге) халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, 33,3% (100 млрд теңге) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, 24,2% (72,5 млрд теңге) өңірлерде бизнесті дамытуға және «Атамекен» ҰКП мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен микроқаржы ұйымдары арқылы микрокредит беруге бағытталған», деп түсіндіріп өтті министр. Сондай-ақ Серік Шәпкенов бірінші бағыт бойынша 136 жоба іске асырылатынын, оларда барлығы 19 мың жұмыс орны құрылатынын, оның 7,5 мыңы тұрақты болатынын хабарлады. «64 жаңа мектептің, 13 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, суару кешенін жаңарту және ТҮКШ жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Жобаларды іріктеу кезінде тұрақты жұмыс орындарын құруға және 3 ауысымды және апатты мектептердің кейбір мәселелерін шешуге, ауыл тұрғындарының денсаулық сақтау мен таза ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз етуге, суармалы және жайылымдық жерлердің ауданын ұлғайтуға баса назар аударылды», деп толықтырды Еңбекминінің басшысы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» екінші бағыты шеңберінде 6%-ға дейінгі мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредиттер беру көзделген. Өңірлерде микрокредит беру құралын іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен 15 микроқаржы ұйымы құрылды. «22,5 млрд теңге сомасына 5,4 мың жобадан тұратын тізім жасалды, ол ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, сүт, тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және басқа да салалардағы жобаларды қамтиды. Микрокредит алушылар 10,6 мың қосымша жұмыс орнын ашады», деді Серік Шәпкенов. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағыты бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Бәйтерек» Холдингі бірлесіп, соңғы қарыз алушы үшін 6% — ға дейінгі мөлшерлемемен 100 млрд теңге сомасына 42 инвестициялық жобаны іске асыратын болады (мөлшерлемені субсидиялауды ескере отырып). Жобалар мынадай шарттар бойынша іріктелді: жұмыспен қамтуды қолдау және жұмыс орындарын құру; пысықталудың жоғары деңгейі; азық-түлік тауарларының импортын қысқарту. 2,2 мың уақытша және 3,8 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бизнесті дамыту шеңберінде өңірлерде жеңілдікпен кредит беру және бизнес субъектілеріне қарыз беру, сондай-ақ жарғылық капиталға инвестициялау, қаржылық емес қолдау көрсету есебінен 6 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады. «Ағымдағы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру 35,6 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның 55%-дан астамы тұрақты болады (20,3 мың). Отбасы мүшелерін ескере отырып, шамамен 80 мың адам тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ЖҚЖК әлеуметтік активтерді құру арқылы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға; жаңа өндірістерді құру есебінен нарықты отандық өндіріс өнімдерімен толықтыруға; елдің ЖІӨ құрылымында шағын және орта бизнестің үлесін арттыруға ықпал ететін болады», деп түйіндеді Серік Шәпкенов. Әлеуметтің әлеуетінің артуы елдің даму көрсеткішін айқындайды. Бүгінгідей сын сағатта халықты жұмыспен қамту мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті түйткіл болып отыр. Өз кезегінде, қолға алынған шаруалар да жоқ емес. Мәселен, Түркістан облысы бойынша 88 мыңнан астам адамды үш бағытта жұмыспен қамту шаралары жүзеге асуда. Атап айтқанда, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде 70 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына жолданып, ұлттық жобалар аясында жаңадан ашылатын жұмыс орындарына 7 мыңнан астам адамды еңбекпен қамтылады. Сонымен бірге «10 мың тұрғынға 100 орын» бағытында жеке бастамалар арқылы 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықты жұмыспен қамту шаралары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі қаралды. Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, «Еңбек» бағыты бойынша жыл басынан бері 86 686 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып, жылдық жоспар 123,4 пайызға орындалған. Жиын барысында облыс әкімі «Жұмыс орындарын ашуда бюджетке тәуелді емес жаңа кәсіпорындарды көбейту маңызды. Осы ретте кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына және жұмыспен қамтуға жауапты басқармалар бірлесе жұмыс атқаруы тиіс. Әр ауданға өз ерекшелігіне сай ауыл шаруашылығы және индустрия бойынша индикаторлар белгіленіп, жүзеге асырылуы қажет» деп атап өтті. Биылдан бастап ұлттық жобалар шеңберінде іске асырылатын барлық жобаларда жұмыс орындарын ашу көзделген. Облыс бойынша 364 жоба аясында ашылған 5 мыңға жуық бос жұмыс орны электронды еңбек биржасында жарияланып, жарияланған жұмыс орындарының 70 пайызына тұрғындар жұмысқа орналасты. Облыс әкімі жұмыспен қамту шараларын күшейтіп, жұмысқа орналасқан азаматтардың әлеуметтік төлемдерінің дер кезінде жүзеге асуын қатаң қадағалауға алуды тапсырды. Аппарат кеңесінде бюджет қаражатының игерілеуі де қаралды. Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жыл басынан бері облыс бюджетіне түсетін өзіндік кірістер 111,8 млрд теңге сомасында көзделіп, орындалуы 115,2 млрд теңгені құрады немесе 3,4 млрд теңгеге артығымен орындалды. Жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды қаражатты толық әрі сапалы игеру бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Jsk ақпарат

Автор: admin