• 14 ноября, 2024 8:16 пп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ДИАБЕТІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ

Автор:admin

Ноя 13, 2024

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының Эндокринологиялық орталығы 14 қараша күні ашық есік күнін өткізеді. Шараға келген барлық азаматтар қандағы қант деңгейін анықтай отырып, арнайы маманнан кеңес ала алады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша штаттан тыс бас эндокринолог Ғалия Батырханова мәлімдеді.

— 14 қараша Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Қант диабеті — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда елімізде қант диабетіне шалдыққан 500 мыңға жуық азамат тіркелген. Жыл сайын 30 мың адам қант диабетіне шалдығады. Қант диабетін ерте анықтау — оның асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді,-деді спикер.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында балалар дәрігері-эндокринолог Арай Жайлаубаева облыстағы қант диабетіне қарсы күрес жұмыстарының барысы туралы баяндады.

— Қазіргі таңда облыс бойынша ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 37 мың адам осы ауру бойынша тіркелген. Сырқаттың алдын алу мақсатында өңірдегі барша эндокринолог-дәрігерлерге қант диабетін емдеу бойынша қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа тәсілдерді, жаңа дәрі-дәрмектерді түсіндіру мақсатында тұрақты түрде конференциялар өткізіп келеміз,-деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin