• 23 ноября, 2024 11:36 пп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 900-ДЕН АСТАМ САЙЛАУ УЧАСКЕСІ НАУҚАНҒА ДАЙЫН

Автор:admin

Окт 7, 2022

 

Биыл 20 қарашада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу 23 қыркүйектен басталды. Кандидаттарды тіркеу 11 қазан күні кешкі сағат 18:00-де аяқталады.

Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 21 қазанда басталып, 18 қарашада аяқталады. 19 қараша – тыныштық күні. 20 қараша күні сайлаушылар Қазақстан Президентін жеті жылға және бір мерзімге ғана сайлайды.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне 11 827 277 азамат енген. Түркістан облысында 19 қыркүйектегі ақпарат бойынша 1 168 475 сайлаушы тіркелген. Өңірде барлығы 919 сайлау учаскесі бар. Қазіргі таңда олардағы материалдық-техникалық жабдықталуы толықтай дайын.

Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындарына Президент сайлауында дауыс беруге арналған өзінің сайлау учаскесі туралы қажетті ақпарат алу үшін Telegram мессенджерінде арнайы бот іске қосылды (https://t.me/tur_saylaw_bot) және Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды (https://tur.saylaw.kz). Осы байланыс құралдарының көмегімен өңір тұрғындары 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау күні дауыс бере алатын сайлау учаскесі туралы толық ақпарат (нөмірі, мекенжайы, байланыстары) ала алады.

Айта кетейік, қосымша сұрақтар болған жағдайда 109 Call-орталығына хабарласуға болады. 109 Call-орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейді.

 

Автор: admin