Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Түркістан облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 3 ай мерзімде (2024 жылғы 30 желтоқсан — 2025 жылғы 30 наурыз арылғында) қабылданады.
Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар:
1. Жобаны әзірлеу:
— қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,
— геральдикалық белгілерді сақтау,
— өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.
2. Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
3. Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:
— жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;
— жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;
— жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;
— жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.
4. Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.
5. Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.
6. Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық қоғамдық даму басқармасына (электронды көшірмесі russ_pl4@mail.ru почтасына) қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 30 наурыздан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!
Сұрақтар туындаған жағдайда 87775581553 (Айгуль Рустемова) номеріне хабарласуға болады!