• 28 ноября, 2024 11:42 пп

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА 150 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Окт 24, 2023

Республика күніне орай Ордабасы ауданына қарасты Қарақұм ауылында 150 орындық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков қатысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Аудан әкімінің ауылдардағы есепті кездесулерінде жергілікті халық тарапынан жиі көтерілген мәселелердің бірі — Мәдениет үйі мен көгілдір отынның қажеттілігі еді.
Халық өтінішін назарға алған жергілікті билік тұрғындардың тілегін орындап, аталған мәселелер өз шешімін тапты.
Мерекелік шара барысында қонақтар мәдениет үйінің ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, сәулеттік ғимарат ішін аралап көріп, оның жоспарлы жұмысымен танысты.
Айта кетерлігі, тұрғындардың бос уақытын мәдени демалыспен өткізуге арналған жаңа ғимараттың құрылысы өткен жылы басталып, қазіргі уақытта жұмыстар толығымен аяқталған.
Жалпы ауданы 429,6 ш,м жаңа ғимаратта хореография, вокал, эстрада, домбыра, көркемсөз, қолөнер үйірмесі жұмыс істейді. Онда оншақты қызметкер еңбек етеді. Аталған үйірмелерге 150-ге тарта жас өнерпаз тартылмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin