• 24 ноября, 2024 9:01 дп

ТҮРКІСТАН-ШӘУІЛДІР БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚАЙТА ҚҰРУДАН ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

Автор:admin

Апр 7, 2023

 

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері облысқа келетін күре жолдардың барлығы жөндеуден өткізіліп жатыр. Соның ішінде маңызды жобалардың бірі — Түркістан-Шәуілдір бағытындағы жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолын қайта құрудан өткізу қолға алынды.

Нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары 4 учаскіге бөлініп, кезең-кезеңмен іске асырылып келеді. Атап айтсақ, Түркістан-Шәуілдір I учаскі (11,4 шқ), Түркістан-Шәуілдір II учаскі ( 17,7 шқ), Түркістан-Шәуілдір III учаскі (17,6 шқ), Түркістан-Шәуілдір IV учаскі (17,4 шқ).

Бүгінгі таңда, Шәуілдір елдімекенінен Түркістан қаласы бағытына қарай 35 шақырым (III-IV учаскі) аралықта жолды кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу барысында жол бойындағы су өткізгіш құбырлар және көпірлер қайта құрудан өтіп, жолдың ені 2 жолақтыдан 4 жолақтыға дейін кеңейтілуде. Яғни, жолдың ені 8 метрден 15 метрге дейін ұлғайтылған.

Қайта құру жұмыстарын III учаскіде мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС-гі және IV учаскіде «Отау-Строй» ЖШС-гі тарапынан іске асырылуда. Нысанды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Таяуда Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов аталған нысандардың құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын, сапасын қадағалау мақсатында мердігер, авторлық және техникалық қадағалаушы мекемелердің басшылары мен жауапты мамандардың қатысуымен жұмыстарға аралау жүргізді.

Аралау қорытындысымен жөндеу жұмыстарын жолдың құрылыс нормаларына, бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуін, сондай-ақ, техникалық қадағалаушы мекеме өкілдеріне өз міндеттерін толыққанды орындауды және жолдың сапасына басты көңіл бөлу керектігін ескертіп, бірқатар тапсырмалар берді.

 

Автор: admin