• 22 ноября, 2024 8:49 пп

ТҮРКІСТАН: ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ФРОНТ-ОФИС ҚЫЗМЕТІНЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖҮГІНГЕН

Автор:admin

Фев 8, 2024

Түркістан қалалық емханасындағы фронт-офис қызметіне былтыр 3 000-нан астам тұрғын жүгінген. Бүгінде қалалық емханада тіркелушілердің 83,2 пайызы сақтандырылған. 2023 жылы емханаға 863 421 азамат келіп, ем-дом алған. Статистикаға сәйкес, емханада бір тұрғын жылына 7 не 9 рет дәрігерге қаралады.
Сонымен қатар, емханада барлық науқастарға қолайлы жағдай қарастырылған. Сондай-ақ, күнделікті мониторинг жүргізу және науқастың профилактикалық шараларға толықтай үйренуі үшін «смарт сағаттар» енгізілген.
Айта кетсек, бүгінде бала өлімі бойынша шаһар жасыл аймақта. Дәрігерлердің бақылауына алынған 2 248 жүкті ана кері әсерсіз босанған.
Сондай-ақ, скринингтік тексеруден – 35 038 адам өткен.

Автор: admin