✔️Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысының «Цифрлық даму орталығы» КММ-де 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды. Өтініштердің басым бөлігі коммуналдық сұрақтар бойынша түсіп, 1 күнмен 7 күннің аралығында орындалады. Тұрғындар тарапынан жыл басынан бері 37 298 өтінім түсіп, 36 913-ы дер кезінде жабылған. Ал 385 өтінім орындалу барысында тұр.
✔️Облыс әкімдігінің тапсырмасымен өтіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететін арнайы «109» мониторинг тобы құрылған. Қазіргі таңда аудан-қалалардағы тұрғындармен кездесіп, арыздардың уақытылы орындалуы қадағалануда. Сондай-ақ халықты ақпараттандыру мақсатында баннерлер жасалып, өңірдегі бильбордтарға ілінді. Алдағы уақытта Астанадағы іКОМЕК109 мекемесімен тәжірибе алмасу жоспарланып отыр. Онда бөлімнің жұмысын жандандыру тұрғысында өзекті мәселелер талқыланады.
✔️Айта кетейік, өтініштерді 109 номерінен бөлек, facebook.com, instagram.com әлеуметтік желілеріндегі Байланыс Орталықturkistan_oblysy.109 мекенжайы, whatsapp желісіндегі +7 701 13 13 109 ұялы байланыс номері және «aikey-109» мобильді қосымшасы арқылы қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі