• 26 ноября, 2024 9:47 дп

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары

Автор:admin

Окт 17, 2023

Заң жобасына сәйкес тұтынушылардың арыз-шағымын қараудың қолданыстағы төрт сатылы алгоритмін өзгерту қажеттелігі ұсынылған.

Бірінші кезеңде тұтынушы құқығының бұзылғаны туралы тікелей кәсіпкерге шағымдануға тиіс. Егер келіссөз сәтсіз болса және кәсіпкер шағыммен келіспесе, тұтынушы екінші кезеңгеөтіп, міндетті түрде медиатрдың көмегіне жүгінуі қажет. Үшінші кезең – мемлекеттік органға шағымдану. Әкімшілік мемлекеттік органның жеке тұлғалардың арасында туындаған дауды шешуге өкілеттігі жоқ, себебі ол сот құзыретіне жатады. Бұл жағдай құқықтары бұзылған тұтынушыларүшін қиындық туғызуда.

Осыған байланысты заң жобасында Конституцияның ережесіне және логикаға сәйкес келмейтін бұл жүйені алып тастау ұсынылды.

Осы түзетулерді қабылдаған кезде тұтынушы өз құқығын қорғау тәсілдерін еркін таңдайды. Тікелей сотқа немесе әкімшілік құқықбұзушылық болған жағдайда заң аясында жауапқа тарту үшін мемлекеттік органға шағым беру мүмкіндігіне ие болады.

Келесі өзгеріс:

тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институтын енгізу ұсынылды. Ол шағымдармен айналысады, кеңес береді, осы саладағы мемлекеттік мекемелерді үйлестіреді және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады.

Келесі өзгеріс:

заң ережелеріне «тұтынушылардың негізгі құқықтары» мәртебесін беру,
тұтынушылардың құқықтарын қорғау ережелері тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, оқыту, сауда, көлік  және өзге де салаларына да енгізілмек.
тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың салааралық үйлестіруін күшейту ұсынылды.

Келесі өзгеріс: заң жобасында азаматтық-құқықтықайыппұл салу ұсынылады

Кәсіпкерлерге жүгінген кезде құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген тұтынушылардың пайдасына кәсіпкерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу
Айыппұл мөлшері тұтынушының талап қою сомасының 10-нан 50%-на дейін.
Шағым сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері жоғарыда көрсетілгендей үлкен болады (айыппұл мөлшерін анықтаудағы парасаттылық қағидаты). Өз кезегінде, көрсетілген сома заң кеңесшілерінің көрсетілген қызметтері үшін шығындарды жабуға мүмкіндік береді.

    Яғни тұтынушының құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген жағдайда кәсіпкерге сот арқылы тұтынушының пайдасына айыппұл салынады. 

Бұл өзгерістің ОҢ ЖАҚТАРЫ:

Кәсіпкерлерді бұзушылықтарды сотқа дейінгі кезеңдегі өз еркімен жоюға ынталандыру;
Қоғамдық мониторингті дамыту және елдегі өркениетті нарықты құруға ынталандыру;
Клиенттің қажеттіліктеріне назар аудару;
Салауатты бәсекелестікті дамыту.

Келесі өзгеріс: Заң жобасында онлайн саудаға қатысты жеке ереже ұсынылған.

Тауарларды өткізу мақсатында пайдаланылатын «интернет ресурстардың» деңгейін «сауда объектілер» деңгейіне теңестіру.
«электрондық коммерция» терминінің анықтамасын кеңейту, бұл ұялы телефонның әртүрлі онлайн платформаларында тапсырыс беру барысында көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды тұтынушылардың құқықтарын бұзу мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.
тұтынушылар туралы дербес деректерді қорғауды Заңның негізгі қағидаты ретінде анықтау.
Шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарға ЖОЛ БЕРМЕУ.
Электрондық сауда алаңдарының иелеріне:
тұтынушылардың талаптары мен құқықтарын сақтау жөніндегі ережелерді қамтитын кәсіпкерлермен шарттар жасасу;
кәсіпкермен шартта қарастырған шараларды қолдану.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің субъекті ретінде «кәсіпкерді» айқындау.

Вице-министрдің айтуынша, биыл жарты жылда (4 795 өтініш) тұтынушылардың электрондық сауда сегментіне шағымдарының саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен (937 өтініш) салыстырғанда 411 пайызға өскен.

Осыны ескере отырып, шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптарға жол бермеуді бекіту, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою, атап айтқанда, тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» теңестіру ұсынылып отыр. Бұл өз кезегінде бизнес субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Б.Қыстауов.

Автор: admin