• 23 сентября, 2024 4:30 дп

Тәуелсіздік жылдары Шымкентте 9,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген

Автор:admin

Июн 8, 2023

Жалпы, Шымкент қаласы – республиканың ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Бүгінде өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорындар белсенді жұмыс жасауда. Тәуелсіздік алғаннан бері Шымкент қаласының өнеркәсібі – экономиканың негiзiн қалайтын және айқындайтын секторлардың бiріне айналды. Өткен жылдың өзінде өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнімнің төрттен бірін құрады. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға арналған көптеген бағдарламалардың арқасында бизнестің биігіне шығып, нәпақасын арттырып отырғандар көп. Кәсіпкерлер көбейсе ел экономикасының көсегесін көгертпек. Бұл дегеніңіз табыс, салық, кіріс, одан қалса жұмыссыздардың қатарын азайтуға да септігін тигізеді.  Алғашқы тәуелсіздік жылдары қаладағы өнеркәсіп орнымен 9,9 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, өткен жылдың қорытын­ды­сымен өнеркәсіп өнімнің көлемі 654,2 млрд тең­геге дейін жетіп, 66 есе өскен. Биыл бұл көр­сеткішті 700 млрд теңгеден асыру жос­пар­ланған. Сондай-ақ тәуелсіздік алғалы бері Шымкентке 2,5 трлн теңге инвестиция тартылған. Қазір қала аумағында 2,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 17 шетелдік инвес­тициялық жоба іске асырылды. Соңғы екі бесжылдықта 184 млрд теңгеге 105 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, онда 7,5 мыңнан астам жаңа жұ­мыс орны құрылған. Қаланың инвестициялық тар­тым­ды­лығын арттыру, шағын және орта биз­несті дамыту үшін кәсіпкерлерге және ин­весторларға қолайлы жағдай жасау мақса­тында елімізде алғашқы болып үшінші мега­полисте «Оңтүстік» және «Тассай» индус­триялық аймақтары мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылып, тиімді жұмыс жасауда. 1991 жылы Шымкент қаласында 6 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болса, онда жұмыспен қамтылғандар саны 35 мың адамды құраған. Тәуелсіздіктің 30 жы­лында шағын және орта кәсіпкерлік сала­сындағы көрсеткіш бүгінде 7 есе өсіп, олардың саны 70 мыңға, ал онда жұмыспен қам­тыл­ғандар қатары 164 мыңға толыққан. Бүгінде Шымкент өнеркәсіп пен сауданың орталығына айналды.

Jsk ақпарат

Автор: admin