Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінде ағымдағы жылдың 12 сәуір күні білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Шахмат ойнау» челленджі республикалық көлемде бір уақытта ұйымдастырылды.Шахмат- көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір-ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады. Аталған іс-шараға Білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің 4-11 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: «Шахмат ойнау» челенджі – оқушылардың интеллектуалдық қабілетін шахмат ойыны арқылы көрсету. Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту.
Міндеті — білім алушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру, білім алушылардың сыни және логикалық ойлауын дамыту, челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту, еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.