• 20 сентября, 2024 4:24 дп

«Шашыңды өріп беремін»: Шымкентте балалардың сырғасын ұрлаумен айналысқан бойжеткен ұсталды

Автор:admin

Сен 9, 2024

     Кез келген мемлекет үшін құқық қорғау саласы тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің кепілі саналады. Сонау Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің құқық қорғау саласы бірнеше кезеңдерді еңсеріп, реформалардың тезінен өтті. қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшке айналды десек, артық айтқанымыз емес. 

Еліміздің құқық қорғау саласында соңғы жылдары түрлі реформалар жасалуда. Негізі осынау реформалардың бастауы осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған,  Мемлекеттің тарихи ұзақ мерзімге арналған стратегиялық даму жоспары жасақталып, алуан саланы қамтыған салиқалы саясаты айқындалған тұжырымдама негізінде бүгінде еліміздің құқық қорғау саласы оң бағытта дамуда. Атап айта кетер болсақ, тұжырымдаманың «Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту» атты бөлігінде Мемлекет басшысы, мемлекетіміз тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс екендігін ескерте келіп, азаматтарды құқық бұзушылық, бұзақылық секілді қоғамға жат әрекеттермен бірлесіп күресуге шақырған. Бұл – болашақта қоғамдық тәртіпті нығайтуға себеп болып, қылмысты құрықтау бағытында жаңа жүйелердің қабылдануына жол ашқандығы анық. Еліміздің құқық саласындағы елеулі өзгерістерге келсек, қылмысқа қарсы саясаттың дүниежүзілік деңгейге сәйкес ізгілендірілгендігін атап өтуге болады.    Қаскөй кішкентай құрбандарын көппәтерлі үйлердің ауласынан тапқан. Қыз балаларды «шашыңды әдемі етіп өріп беремін» деп көндірген ол, құлақтарындағы алтын сырғаларды шешіп алып, бірден жасырып жүрген. Үш күн ішінде ол қаланың 4 кішкентай тұрғынынан алаяқтық жолмен қымбат зергерлік бұйымдарды алдап алып, 300 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Аталған қылмыстар туралы хабарлама алған Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері дереу күдіктіні іздеуге кірісті. Полицейлер куәгерлерден болған оқиғалар туралы сұрастырып, қылмыс орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 20 жасар азаматша қала аумағында ұсталды. Ол ұрлаған бұйымдарды ломбардқа өткізгені анықталды. Тәртіп сақшылары тұрғындарды мұндай қылмыстарды болдырмау үшін мұқият болуға және кішкентай ұл-қыздарын қараусыз қалдырмауға шақырады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin