• 23 сентября, 2024 2:39 пп

ШАҺАРДА ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Автор:admin

Июн 2, 2023

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының мониторингі мен бақылауы күшейтіледі және келесі жылдан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау жаңа форматта жүргізілетін болады. инвесторды оқыту және консультативтік-ақпараттық қамтамасыз ету; инвестор қызығушылық танытатын салада республикалық немесе жергілікті деңгейдегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын таңдау; жоспардағы, және конкурсқа жарияланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы потенциалды инвесторларды ақпараттандыру; Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру сатысында жеке әріптестермен жұмыс жүргізу. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Қазақстан өзінің құқықтық кеңістігін қалыптастыруды қолға алды. Алғаш қабыл­данған заңнамалық актілер­дің бірі 1991 жылғы 23 жел­тоқ­сандағы «Қазақстан Ре­с­пуб­ликасындағы кон­цессия­лар туралы» заңы болды. Мемлекет бұл заң­ды қабылдай отырып, мем­лекет-жекеменшік әріп­тестігі саласындағы құқық­тық қатынастарды реттеудің маңыздылығын көрсетті. Шымкент қаласының Қаратау ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. 2021 жылы 31 көше жарықтандырылған болатын.  Өткен жылы ауданда 27 көшені жарықтандыру жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылды. Ал биыл ауданда 30 көшені жарықтандыру жоспарда. Атап айтқанда, 2023 жылы Мирас, Нұрсат-3 (№14, 7А, 13А көшелері), Нұртас (Атымтаев, Саяхат, Ақсұңқар, Болашақ көшелері), Тұран, Қайтпас (Медеу, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері), Таскен, Тассай шағынауданы, Сайрам тұрғын алабының көшелері жарықтандырылады. Ал Әл-Фараби ауданындағы 390 көшенің 110-ы жарықпен қамтылған.  Биыл 14 көшені жарықтандыру Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жоспарына енгізілді. Олардың қатарында, Күншығыс шағын ауданының ішкі орамдық көшелері, №25, 28 мектеп аумағы, Абдразақов, Ж.Тыныбаев көшесі, қалалық жүйке аурулар орталығы, Бөгет көшелері бар.  Қазіргі таңда, 4 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар басталды.

Jsk ақпарат

Автор: admin