• 20 сентября, 2024 3:45 дп

Шымкентте А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары 82 пайызға орындалды

Автор:admin

Сен 10, 2023

Ташкент-Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары да қарқынды. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары мен Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Биылғы жылдың қазан айында Ынтымақ шағын ауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қамтитын 2-ші кезеңі толық аяқталып, ел игілігіне берілді. Жыл соңына дейін 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр. А-2 айналма тас жолының 4-кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, жолаяқ салынып, көше жарықтандырылады. Атап өтейік, А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82 пайызға орындалды. Оңтүстік айналма жолы – қала маңындағы кептелісті азайтады Шымкент қаласы маңындағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы. Қала әкімдігі аталған жол құрылысының сапасын аса басты назарға алған. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Жоба бойынша көшенің ені 9 метрді құрайды. Қазіргі таңда Адырбеков көшесіндегі қайта құру жұмыстарын құрылысшылар қызу қолға алған. Мәделі Қожа мен Жібек жолы көшелері аралығында аяқжолдар, ирригациялық латок орнату, жер төсемін дайындау жұмыстары атқарылуда. Шымкент қаласының әкімдігі жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмаларды мердігер мекемеге жүктеді. Жоба бойынша, құрылыс жалпы ұзындығы 3,74 шақырымдық жол Алдияров көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, аяқжолдар, жарық шамдар көзделген. Құрылыс жұмыстары 76 пайызға орындалды. Адырбеков көшесін ел игілігіне 2023 жылы толығымен беру жоспарланған. Жол негіздерін салуда кедергісін келтіретін байланыс жүйелерін қайта қосудағы өзекті мәселені жауаптылармен бірге шешуді тапсырды. Сондай-ақ нысанды уақытылы пайдалануға беріп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауда жолды дер кезінде ашуды ұйымдастыру тапсырылған болатын.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin