• 24 ноября, 2024 7:51 дп

Шымкентте биыл 245 орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Автор:admin

Ноя 4, 2023

Шымкент қаласы ең ірі қала болғандықтан. Біздің қаламызда жолдар мен күре жолдар, ішкі орамдық жолдар магистральді жолдар саны өте көп. Ал оның сапасы Шымкент қаласының қатаң басты бақылауында. Орталық көшелердегі жолдардың сапасына жергілікті билік көптеп көңіл бөледі. Себебі қаланың орталық көшелері арқылы жүздеген мыңға жуық  автокөліктер жүреді. Ал енді көшемізге ойыссақ бүгінгі таңда оның ішінде, 172 көшеде құрылыс аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілген. Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді. –Жалпы, Шымкент қаласының дамуы жолында жол инфрақұрылымы мен көлік саласын өркендету міндеттеріне үлкен жауапкершілік жүктелген. Статистикаға сәйкес, Шымкент – автокөліктің көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі. Осы мәселеге орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамуда. Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2 пайызға жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде, – Р.Ибрагимов. Сонымен қатар, орталық жол жамылғысы тозған магистралды 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өтуде. Атап айтқанда, олар – Уәлиханов, Гагарин, Дулати, Қонаев, Тәуке хан, Қазыбек би, Желтоқсан, Назарбеков, Аймауытов, Қабанбай батыр, Анаров, Жансүгіров, Абай, Алпысбаев, Орынбаев көшелері. Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Ал, Бәйдібек би — Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрықтың құрылысы қарқынды іске асырылуда. Қазіргі таңда, жұмыстардың 93 пайызы орындалды. Жолайрық құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру мерзімі осы жылдың соңына дейін жоспарланған. Өтегенов көшесінің жалғасын салу нысаны Шымсити шағын ауданынан Төлеметов көшесіне дейінгі аралықта, ұзындығы 2,2 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін, құрылыс нысанында жұмыстың 85 пайызы орындалыпты.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin