• 24 ноября, 2024 11:30 дп

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 3, 2022

Шымкенттегі Достық үйі ғимаратында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Ж.Мұқанның қатысуымен мерекелік кездесу өтіп, ел бірлігі мен татулықты нығайтуға елеулі үлес қосқан 8 азамат жоғары марапатқа ие болды. Еліміз ширек ғасырда толағай табыстар мен жетістіктерге қол жеткізді. Оның ішінде елімізді мекендейтін этнос өкілдері қоғамның түрлі саласында еңбек етіп, берекелі бірлік жолында қазақстандық моделді қалыптастырды. Бүгінде ассамблея мүшелері ел игілігіне бағытталған байсалды бастамаларға қолдау көрсетіп, ішкі бірлік пен татулықты нығайту жолында жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Осы орайда, Қазақстан Республикасында ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Хакимбеков Тахиржан Туйчиевич, Әл-Фараби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрайымы Досметова Нуриниса Джамаловна және еврей этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Белла Атран марапатталды. ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет» грамотасымен «Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Искендиров Динмұхамед Жармуханбетович, ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Алғыс» хатымен Мейірбеков Нұрболат марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.А.Әзілхановтың атынан бірқатар Алғыс хаттар тапсырылды. Қазақстан 2050 стратегиясындағы алды­мызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап қатардағы аза­маттарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділет­ті­лік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен бе­делі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған ауыл-аймақтардың әкімдерін сайлау сияқты азаматтық қоғам­ды дамыту істерінің маңызы зор. Елбасы басты назарда ұстап отырған ауыл-шаруа­шылығының өркендеуіне қолдау көр­сету, егістік алаңын ұлғайту, әлемдік дең­гейдегі мал­шаруашылығы қалыптарына (стан­дарт­тарына) сәйкес жем-шөп базасын құру, эко­логиялық таза өндіріс саласын дамыту мә­селелерін де орынды көтерген. Сонымен қатар, жер өңдеу мәдениетін өзгерту, ауыл еңбеккерлерінің жаңа буынын қалыптастыру, жаңа ғасырдың әлемдік нарығының сұра­нысына лайықты агроөнеркәсіп кеше­нін да­мыту сияқты жолдауда көтерілген өзекті жобалардың маңыздылығы жоғары шынымен ел шырайын келтіріп ауылдың гүлденуіне тірек болатын болашағы зор жобалар.

Jsk ақпарат

Автор: admin