• 4 ноября, 2025 3:41 пп

Шымкентте есірткіге қарсы іс-шаралар өтуде

Автор:admin

Сен 14, 2025

Шымкент қаласында құқықтық сананы арттыру және қылмыстың алдын алу бағытында түрлі іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл салада жаңа бастамалар қолға алынып, заңды түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда. Қала тұрғындарының құқықтық санасын арттуруға бағытталған және тәртіптік мәдениетті қалыптастыру бағытында қала әкімдігі мен құқық қорғау органдарының бірлесе жұмыс істеуі арқылы түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Солардың бірі – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды есірткіге қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту тәжірибесі қолға алынып отыр.  Бұл қадам қоғамға қайта бейімделіп жатқан азаматтардың жаңа өмірге сеніммен қадам басуына, сондай-ақ құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал етуде. Бұл бағыттағы алғашқы іс-шаралар Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №69 және №54 түзету мекемелерінде өтті. Кездесулер барысында сотталғандарға есірткі қылмыстарының қоғамға тигізетін зардабы түсіндіріліп, заң алдындағы жауапкершілік және құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді. Мұндай әңгімелер сотталғандардың есірткіге және қылмысқа деген теріс көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдардың қайтадан есірткіге тәуелді болу немесе қылмысқа бару қаупі жоғары екені белгілі. Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы ІІМ басшылығы арнайы тапсырма берді. Шымкент қаласының полиция департаменті мен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бірлесіп, босатылған азаматтарды қоғамға бейімдеу, олардың әлеуетін оң арнаға бағыттау мақсатында еріктілік қозғалысына тарту жұмыстарын бастады. Осылайша, бұрынғы сотталғандардың тәжірибесін қоғамға пайдасы тиетін арнаға бұру арқылы құқықтық сананы арттыруға және жастарды есірткіден сақтандыруға мүмкіндік туады. Шымкент қаласында басталған бастама – құқықтық сананы көтерудің тың тетігі. Босатылғандарды ерікті ретінде тарту арқылы оларды қайта әлеуметтендіруге, жастарға үлгі көрсетуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға жол ашылады. Бұл – қауіпсіз әрі әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды қадам. Мұндай шаралардың табысты болуы үшін қоғамның да көзқарасы маңызды. Қайта қылмысқа бармауы үшін босатылғандарға сенім арту, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау – ортақ міндет. Бұл тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның қатысуын қажет ететін жұмыс.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin