• 16 ноября, 2025 10:01 дп

Шымкентте жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша кездесу өтті

Автор:admin

Окт 14, 2025

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы –  жастардың қолында» деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді дамыту – қазіргі жастардың басты міндеті. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар болып табылады. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, солардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК мекемесінде Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының психолог маманы Асанова Салтанат Сайлауқызының қатысуымен «Жастар арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында психологиялық-консультативтік жиын өтті. Шараның мақсаты: жастардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, қиын жағдайда жалғыз қалмауға, көмек сұрауға тәрбиелеу, білім алушыларға өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін – өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге  тәрбиелеу, дұрыс қарым – қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Аталмыш жиынға колледждің бірінші жыл білім алушыларына арналып ұйымдастырылды. Іс – шара барысында білім алушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, түрлі жаттығуларға белсене ат салысып, алған сезімдерімен бөлісті. Іс-шараға  Шымкент қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының практик психологы М.Умирзакова  және колледж психологы мен білім алушылар қатысты. Сөз алған суицидтің алдын алу үшін ата – аналар, оқытушылар, психологтар  мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс жасау қажет екендігін айтып өтті. Психологиялық қысым көрсету, біреуді қудалау, әлеуметтік желіде жағымсыз пікір жазу немесе ар-намысқа тиетін сөз айту – барлығы заң бойынша жауапкершілікке әкеледі. Ең бастысы – заңды білмеу заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан әрбір жас өз құқығын ғана емес, өз міндетін де жете түсінуі керек.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin