Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу обьектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу. Алдағы 5 жылда еліміз онлайн-электрондық есептілік режиміне көшуі тиіс. Жаңа салық саясаты – әлеуметтік бағыт алуы тиіс; Үшінші, ақша-кредит саясаты. Ұлттық Банк пен Президент Әкімшілігінің зкономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлейді-деп көрсетілген. Төртінші, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерінің бірі- әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың ең басты кепілі.
Қазақстан 2050 стратегиясындағы алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап қатардағы азаматтарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен беделі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған ауыл-аймақтардың әкімдерін сайлау сияқты азаматтық қоғамды дамыту істерінің маңызы зор. Елбасы басты назарда ұстап отырған ауыл-шаруашылығының өркендеуіне қолдау көрсету, егістік алаңын ұлғайту, әлемдік деңгейдегі малшаруашылығы қалыптарына (стандарттарына) сәйкес жем-шөп базасын құру, экологиялық таза өндіріс саласын дамыту мәселелерін де орынды көтерген. Сонымен қатар, жер өңдеу мәдениетін өзгерту, ауыл еңбеккерлерінің жаңа буынын қалыптастыру, жаңа ғасырдың әлемдік нарығының сұранысына лайықты агроөнеркәсіп кешенін дамыту сияқты жолдауда көтерілген өзекті жобалардың маңыздылығы жоғары шынымен ел шырайын келтіріп ауылдың гүлденуіне тірек болатын болашағы зор жобалар. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент әкімі М.Әйтенов халықтың табысын арттыра түсу үшін өндіріс орындары санын арттыру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.
— Бұл бағытта биыл 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі 52,3 млрд. теңгені құрап, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда жоспарланған 5 кәсіпорын іске қосылды. Олардың ішінде Орталық Азияда теңдесі жоқ «KazAlPack» ЖШС «Алюминий банкілерінің өндірісі» жобасын атап өткім келеді. Жоба құны 23,4 млрд. теңгені құрайды. Жаңадан 145 жұмыс орны ашылды. Онда жылына 500 млн. дана алюминий банкілерін шығару жоспарлануда. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60%-ын алмастырады, — деді ол. Жалпы қаладағы 4 индустриялды аймақта 185,3 млрд.теңгеге130 жоба іске асырылып, 8,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Jsk ақпарат