• 20 сентября, 2024 7:12 пп

Шымкентте инвестициялар көлемі өсіп келеді!

Автор:admin

Июн 13, 2023

«Қалаға жаңа мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қоймас бұрын Шымкент еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің даму орталығына айналатыны сөзсіз. Біздің міндетіміз — экономиканы қарқынды дамыту және халыққа қолайлы жағдай жасау, — деп атап өткен болатын  мегаполис әкімі. 2025 жылға қарай әкімдік жалпы өнімдегі ШОБ үлесін 35%-ға, ал жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында кәсіпкерлікті қаржыландыру 2 есеге, яғни 5,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 90 жобаны іске асыруға тағы 1 млрд теңге бөлінді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржыландыруға 35,6 млрд. теңге мақұлданды, сонымен қатар, қаланың шағын және орта бизнесіне Екінші деңгейлі банктерден 35 млрд. теңге көлемінде несие бөлінді. Бұл ретте инвестициялар көлемі де өсіп келеді. Осы жылдың 10 айында қала экономикасына 223,4 млрд теңге тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 54%-ға көп. Президенттің тапсырмасы бойынша инвесторлар пулы қалыптастырылды және 1,4 трлн теңгеге 157 инвестициялық жобаның базасы әзірленді. Қалада бизнесті дамыту үшін ең қолайлы жағдайлар жасалған. Осылайша, Шымкент экономикасының өсімі ұзақ жылдарға қамтамасыз етілген деп сеніммен айтуға болады. Қазір мегаполисте 72 мыңнан астам бизнес субъектісі, оларда 160 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі 28,4%-ды құрайды. Пандемия жағдайында 26 мыңнан астам кәсіпкер салықтан босатылды, қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін 1,5 мың кәсіпкерге 13 млрд теңге несие бойынша төлем жасауде кейінге шегеру ұсынылды. Айта кетсек, ТЖ кезінде табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу жұмыстары жүргізілді. 430 мыңға жуық адам 26 млрд теңге, 17 мың адам коммуналдық қызметтер үшін өтемақы алды.

Jsk ақпарат

Автор: admin