• 23 ноября, 2024 11:29 дп

Шымкентте кәсіпорындарды, бизнесті дамыту мен экономиканы нығайту шаралары жалғасты!

Автор:admin

Июл 10, 2023

Шымкенттің үшінші мегаполис атағын алғанына бірнеше жыл өтті. Қала осы жылдар арасында қарқынды дамыды. Шымкент — болашақтың қаласы. Тоғыз жолдың торабында орналасқан көне қаламыз шымкент экономикалық көрсеткіштер бойынша республикамызда алдыңғы орындардан түспей келе жатыр. Бірден-бір себеп, халқы тығыз орналасқан, сауда-саттығы дамыған, шағын және орта кәсіпкерлік нысандары өте көп қала. «Шымкент – Қазақстандағы экономикасы дамыған шаһардың бірі. Халқы миллионнан асатын қаланың инфрақұрылымы дамыған, инвестициялық жобалар қарқынды іске асып, бірқатар салаларды жандандыруда республикада көш басында келеді. Қаланың негізгі капиталға салынған инвестициясы 2019 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артқан. Экономикалық әлеуетті жандандыру мақсатында Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2023 жылға арналған 6 нысаналы индекатор белгіленген. Олар – кәсіпорындарды цифрландыру жүйесіне көшіру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, сауда, қала аумағындағы базарларды қайта жаңғырту және ретсіз сауда. Басқарма басшысы Береке Дүйсебеков баспасөз брифингінде осы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарды баяндады. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, қазір қаламызда 839 кәсіпорын белсенді жұмыс істеп келеді. Оның 24-і ірі кәсіпорын, 45-і орта және 770-сі шағын кәсіпорын. 2023 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндірісін 767 млрд теңгеге жеткізу жоспарланыпты. Осы жылдың алғашқы тоқсанында 196 млрд теңгенің өнімі өңделіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,7 пайызды құраған. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жыл басынан бері 9,140 мың тоннаның өнімін өндірген. Оның 3,824 тоннасын «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС өндірсе, «HILL Corporation» мекемесі – 5,316 мың тонна өнім шығарған. Ал, жылдық жоспар – өнімді 70 мың тоннаға жеткізу, деді жауаптылар.

Jsk ақпарат

Автор: admin