• 20 сентября, 2024 2:39 дп

Шымкентте масалармен күрес жүргізілуде

Автор:admin

Июн 5, 2024

Шымкентте тұрғындар мен қонақтардың ыңғайлығы мен демалу сапасын арттыру мақсатында жәндіктердің санын азайтуға бағытталған масалармен күрес белсенді жалғасуда. Осылайша ағымдағы 2024 жылы шаһарымызда 101 109,7 мың теңге қаржы қаралған болатын. Масаларға қарсы жылына 4 рет ( маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында, ауа-райының қолайсыздығына байланысты өзгеруі мүмкін)                 1 355 200 шаршы метр өзен-каналдар, су қоймасы аумағын,                2 377 495 шаршы метр саябақтар аумағын, 1 223 666 шаршы метр гүлзарлар мен аллеялар аумағын залалсыздандыру жоспарланып отыр. Осылайша қала аумағындағы жалпы саны 45 гүлзарлармен аллеялар                  (1 223 666 ш.м), 12 саябақтар (2 377 495 ш.м), 35 өзендермен каналдар, 2 су қоймасы (1355 200 ш.м)   аумағына масаларға  қарсы  залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Мамандардың сөзіне қарағанда, шілде айының соңынан тамыз айына дейін масалардың саны әлдеқайда көбейеді. Осыйлайша жәндіктер де қысқы маусымға дайындалады, популяциясын көбейту есебімен олардың саны анағұрлым көбейеді. Жәндіктерді улауда мемлекеттік тіркеу куәлігі және ҚР және Кеден Одағы мемлекеттерінде сәйкес сертификаты бар  инсектицидалар пайдаланылады. Улауда қолданылатын дәрі-дәрмектердің өзіне тән иісі бар, дегенмен ол адам өміріне қауіпті емес. Онымен бірге халықтың қауіпсіздігі үшін барлық талаптар сақталады. Жәндіктерді улауда этномологиялық көрсеткіштер мен қатар жергілікті ауа райы да ескеріледі.

Ай сайын жәндіктерді улау бойынша дұрыс шаралар қабылдау үшін бақылау жүргізіледі.

Мамандардың сөзіне қарағанда, масалар су тұралап қалған жерлерде көптеп жүреді, көбейеді, бір мезетте масаның ұрғашысы 130-дан 250 жұмыртқаға дейін салады.

Жәндіктердің жұмыртқалау үрдісіне тосқауыл қоюда бірінші кезекте су деңгейі аса көп емес су құбырларында, суы таяз жерлерде улау жұмыстары жүргізіледі. Масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары                       03.06.-13.06.2024 жыл аралығында (1 кезектегісі) жүргізу жоспарланып, жұмыстар жоспарға сәйкес басталды. Бүгінгі күні жалпы аумағы 117 га құрайтын «Дендро саябақ» аумағы масаға қарсы залалсыздандырылуда. Аталған жұмыстарды мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз болып танылған «SATTI TULIK» ЖШС жүргізуде. Жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

Автор: admin