• 24 ноября, 2024 6:37 пп

ШЫМКЕНТТЕ МӘМС ЕСЕБІНЕН ШЕТЕЛДІК БІЛІКТІ ДӘРІГЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Апр 19, 2024

 

🔷 Қалалық №2 аурухана базасында қант диабетінің салдарынан аяғының жарақаты асқынған 73 жастағы науқасқа күрделі от жасалды. Хирургиялық көмек Ресейден келген білікті дәрігердің қатысуымен көрсетілді. Ота құны 800 мың теңгені құрайды. Аталмыш аурухана базасында жаңадан ашылған диабеттік табан бөлімшесінде науқастарға мұндай ота түрлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалуда.

🔷 Білікті дәрігерлер құрамы диабеттік табан синдромымен келген пациенттің аяқ ампутациясын алдын алу мақсатында эндоваскуларлы баллонды ангиопластика, яғни стенттеу отасын жасады. Тіліксіз ота арқылы науқастың аяғын аман алып қалуда.

🔷 Операция кезінде хирургтар катетерді артерияға енгізу арқылы тамыр қабырғаларын баллонмен кеңейтіп, стент орнатып береді.

🔷 Мұндай әдіс қан ағымын жақсартып, жараның жазылуына жақсы ықпал етеді. Сәйкесінше қант диабетімен ауыратын науқастардың өмір сапасын жақсартады.

Автор: admin