• 16 ноября, 2025 6:21 пп

Шымкентте полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді

Автор:admin

Окт 5, 2025

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын заң үстемдігі қағидаттарына, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамды топтастыруға берілгендік декларациясы ретінде қарастыруға болады. Құқықтық мемлекетте заң қарапайым азамат үшін де, мемлекеттік қызметкерлер үшін де міндетті. Бұл әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, сонымен бірге оған міндеттер жүктейтін қоғамдық келісімнің негізі. Әрбір азамат салық төлеуден бастап жол қозғалысы ережелеріне дейінгі заңнаманы сақтауы қажет. Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал азамат – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар ретінде: «Тағы бір маңызды құндылық, бұл – заң және тәртіп. Заң алдында бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуі тиіс. Барша азамат, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желіде де заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тиым салынады. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсымыз жауаптымыз», – деп атап көрсетуінің өзі мемлекетіміздегі тыныштықты және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беруін өте орынды айтылған талап деуге болады. Шынында заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі. Осы орайда Шымкентте полицейлер әлем чемпионының қатысуымен оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласындағы №8 мектепте полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды. Іс-шараға шамамен 200 оқушы қатысты. Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Іс-шараның ерекше қонағы – бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов болды. Ол оқушылармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, тәртіп пен табандылықтың, сондай-ақ өз іс-әрекетіңе жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті. Полицейлер жасөспірімдерге жеке қауіпсіздік ережелерін мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы айтып, құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік жөнінде түсіндірді. Кездесу соңында оқушыдар мен мұғалімдер ұйымдастырушыларға пайдалы әрі маңызды сабақ өткізгені үшін алғыс білдірді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin