• 10 сентября, 2025 8:53 пп

Шымкентте полиция заңдағы жаңа норма туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Автор:admin

Авг 11, 2025

Шымкентте полиция заңдағы жаңа норма туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы полиция департаменті ЖПҚБ учаскелік инспекторлары «Көршілер бақылауы» ПИК және тұрғындармен кездесу өткізді. Онда полицейлер түрлі қылмыс мен құқық бұзушылықтардың, оның ішінде ұрлықтың алдын алу, тосқауыл қою мақсатындағы «Көршілер бақылауы» бағдарламасын енгізудің тәртібі мен тиімділігін түсіндірді. Олар көпқабатты үй тұрғындары өз аулаларына сырттан келген күмәнді жандар, өздері куә болған жағдайлар жайлы полицияға жедел хабарласа, дереу шаралар қабылданып, ұрлық та, түрлі қылмыс та азаятынын айтты. Сондай-ақ 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерге тыйым салатын заңнама нормасы күшіне енді. Полиция бұл өзгерістер жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Шектеу адамның бет-жүзін толықтай жауып тұратын киімдерге – мысалы, никаб пен бетпердеге қатысты. Ал хиджаб, химар, шейла сияқты бет ашық қалатын киімдерге бұл талап жүрмейді. Түсіндіру жұмыстары алда да жалғасады.

«Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жай­лы елге айналдыру» дей келіп Президент цифр­лық техно­ло­гиялардың жаппай енуінен көбе­йіп бара жатқан түрлі алаяқ­тықты түп-тамырымен жоюды, түрлі экстремистердің, оның ішінде діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қарсы тұрар заң мен тәртіптің қатаң сақталуын қам­тамасыз етуді, азаматтардың қауіпсіздігін барынша күшейтуді құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге жүктеді. Құзырлы ор­ган­дардың бәрі заңға бағы­на­тын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа, сол сияқты басқа да заңсыз әре­кет­терге қарсы батыл шаралар қабылдауға тиіс екені нақты айтылды. Пре­зидент сөзімен айтсақ, біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр», деді Қ.Тоқаев. Әділетті Қазақстан орнық­ты­ру­дың басты ұраны да, құралы да заң мен тәртіп болуы керек. Бұл, әсіресе бүгінде түрлі пікірлер мен көзқарастардың тайталасы ушыға түсіп, кейде жеке адамның ар-намысын аяқасты ететін, кейде Құдайға да, Құранға да қарсы шығып, ата салтты мансұқтап, үлкен­дер­­дің айтқанына құлақ асудан да қалып бара жатқан қоғам үшін ауадай қажет. Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының осы үш қағидасы, яғни заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм барлық отандасымызды ортақ мүдде мен мақсатқа жұмылдыратын басты идеологиясы болуға тиіс.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin